29 маусым 2021 12:57

Беларусь санкцияларға жауап ретінде ЕО-дағы өкілін қайтарып алды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: mfa.gov.by

Беларусь Минскіге қарсы санкцияларға байланысты Еуропалық одақтың "Шығыс серіктестігіне" қатысуын тоқтатты, - деп хабарлайды Deutsche Welle.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Беларусь Минскіге қарсы санкцияларға байланысты Еуропалық одақтың "Шығыс серіктестігіне" қатысуын тоқтатты, - деп хабарлайды Deutsche Welle.

Басылым мәліметі бойынша, ЕО-ның Беларусьтегі тұрақты өкілі Дирк Шубель республиканың Сыртқы істер министрлігіне шақырылған. Оған ЕО басшылығына қысым мен санкциялар қабылданбайтыны туралы Беларусь тарапының ұстанымын жеткізу үшін Брюссельге бару ұсынылған және "тәуелсіз мемлекетке қысым жасау құралы ретінде санкциялардың мүлдем қабылданбайтынын" мәлімдеді.

"Біз осы келісім шеңберіндегі өз міндеттемемізді Еуроодақ енгізген санкциялар мен шектеулер жағдайында орындай алмаймыз. Келісімнің мәжбүрлі түрде тоқтатылуы Еуропалық одақпен заңсыз көші-қон және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес саласындағы өзара іс-қимылға теріс әсер ететініне қынжыламыз", - делінген Беларусь СІМ хабарламасында.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Беларусьтің "Шығыс серіктестіктен" шығатыны хабарланған.

Бұған дейін АҚШ, ЕО, Ұлыбритания және Канада Беларуське қарсы санкцияларды көбейткен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram