Чилиде магнитудасы 8,4-ке тең жойқын жер сілкінісі болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Чили тұрғындары ғимараттардан шығып, көшелерге қарай қашты. © Twitter.com Чили тұрғындары ғимараттардан шығып, көшелерге қарай қашты. © Twitter.com

Чили жағалауында магнитудасы 8,4-ке тең жойқын жер сілкінісі кеше, сәрсенбі күні UTC уақыты бойынша сағат 22.54-те (Астана уақытымен бейсенбі сағат 4.54-те) болды, - деп хабарлайды emsc-csem.org

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Чили жағалауында магнитудасы 8,4-ке тең жойқын жер сілкінісі кеше, сәрсенбі күні UTC уақыты бойынша сағат 22.54-те (Астана уақытымен бейсенбі сағат 4.54-те) болды, - деп хабарлайды emsc-csem.org

Зілзаланың ошағы елдің астанасы Сантьягодан солтүстікке қарай 228 шақырым қашықтықта, Вальпараисо қаласының солтүстігіне қарай 163 шақырымда, Ильяпель қаласынан солтүстік-батысқа қарай 43 шақырым жерде болды. Жер сілкінісінен кейін үш афтершок тіркелді, олардың магнитудасы - 6,3, 6,1 және 7,0.

Елде дабылдың ең жоғары деңгейі жарияланды. Сонымен қатар, бүкіл Чили жағалауында цунами қаупі туралы хабарланды. Алғашқы толқындар Кокимбо қаласына соқты, көшелерді мұхит суы басып қалған. Толқынның биіктігі - 4,5 метр.

Жергілікті биліктің мәліметінше, жойқын жер сілкінісінің салдарынан ең кемі екі адам қаза тапты, тағы 15-і зардап шеккен. Ильяпель қаласында бір әйел бұл апаттың құрбаны болды, ол мейрамхана қирандыларының астында қалып қойған, сонымен қатар, 86 жастағы ер адам жер сілкінісінен кейін қатты күйзеліп, инфаркттан көз жұмды. Жер сілкінісінен қаза тауып немесе зардап шеккендер туралы нақты мәліметтер анықталып жатыр.

Сантьягода мыңдаған адам ғимараттардан көшеге қашып шықты. Адамдар жер сілкінісінен теңселген үйлеріне қайтудан қорқады. Жолдар мен үйлер бүлінді.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro