Дональд Трамп АҚШ президенті қызметіндегі жоспарлары туралы айтып берді

12 Қараша 2016, 10:53
0
Дональд Трамп АҚШ президенті қызметіндегі жоспарлары туралы айтып берді -

АҚШ президенті болып сайланған Дональд Трамп америкалық The Wall Street Journal басылымына берген сұхбатында АҚШ президенті қызметінің бірінші аптасында қандай жұмыстармен айналысатынын айтып берді, - деп жазады РИА Новости.

Бірінші кезекте Трамп денсаулық сақтау, жұмыс орындарын көбейту, салық реформасындағы және шекарадағы қауіпсіздік мәселелерін шешумен айналысатынын мәлімдеді.

Сонымен қатар, жаңа қызметінің бірінші аптасында Трамп қаржы институттарын қайта реттеуді және АҚШ шекарасында есірткі саудасы мен елге заңсыз кірген иммигрантармен күресетінін айтты.

"Дональд Трамп инфрақұрылымдық жобалардың көмегімен жаңа жұмыс орындарын ашып, халықаралық сауда-саттықты жетілдіретінін айтты", - делінген мақалада.

Сонымен қатар, Дональд Трамп CBS телекомпаниясына берген сұхбатында күндердің бір күнінде Билл Клинтоннан кеңес сұрауға жүгінуі мүмкін екенін де айтты.

Трамп Барак Обаманың денсаулық сақтау реформасына деген өзінің пікірін айтып өтті. Оның айтуынша, Обамамен болған әңгімеден кейін ол денсаулық сақтау реформасындағы кейбір заңнамаларды сол күйінде қалдыруы мүмкін.

Сондай-ақ, Трамптың жақында Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлеспек болып отырғаны белгілі болды. Дональд Трамп өзінің мәлімделерінде Ресей мен АҚШ елдерінің арасында жақсы қарым-қатынастың болғаны дұрыс екенін бірнеше рет айтқан болатын. АҚШ президенті болып сайланған Дональд Трамп Путинмен жақсы қарым-қатынас орнатамын деп сенетінін айтқан еді.

Ал Сириядағы бассыздықтарға келетін болсақ, Дональд Трамп бұл ұйыммен міндетті түрде күресу керектігін айтты.

"Менің Сириядағы жағдайға қатысты басқалардан өзгеше ой-пікірім бар", - деді Трамп Wall Street journal басылымына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, 9 қарашада Дональд Трамп АҚШ президенті болып cайланған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, Трамп сайлаушылардың 279 дауысын жинаса, Клинтон сайлаушылардың 218 дауысын жинаған. Ал кейінірек Трамп әлем жұртшылығына сөз арнады. Cондай-ақ, АҚШ-та Трампқа қарсы наразылықтардың тәртіпсіздікке ұласқаны хабарланған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай