16 шілде 2014 | 09:42

Ресей Кубадағы радиоқармау орталығын өз пайдалануына алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Latinamericanstudies.org ©Latinamericanstudies.org

Ресей мен Куба Гавана маңындағы Лурдесте орналасқан радиоэлектронды орталығын РФ-нің пайдалануына қайтару туралы келісім жасасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Коммерсантъ" басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ресей мен Куба Гавана маңындағы Лурдесте орналасқан радиоэлектронды орталығын РФ-нің пайдалануына қайтару туралы келісім жасасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Коммерсантъ" басылымына сілтеме жасап.

КСРО кезінде АҚШ жағалауынан 250 шақырым қашықтықта орналасқан орталық "ықтимал дұшпанның" белгілі бір аумағындағы радио және телефон байланыстарын бақылап отыруға мүмкіндік беретін. АҚШ қойған талаптарды ескере отырып және орталықты ұстауға қаражат жетіспегендіктен Мәскеу 2001 жылы одан бас тартқан болатын.

Мәскеу осыдан бірнеше жыл бұрын орталықты қайтару үшін Гаванамен болған келіссөздерді бастады және оған осы жылдың басында белсене кірісті. Өткен аптада Ресей президенті Владимир Путин Гаванаға сапары барысында келісімге қол жеткізді.

Кубалық Лурдестегі радиоэлектронды орталық 1967 жылдан қызмет атқарып келген. Оны алдымен КСРО, сонан соң 2001 жылға дейін РФ пайдаланған болатын. Рауль Кастро "Мәскеу АҚШ туралы ақпараттың 75 пайызын Лурдестегі радиоэлектронды барлау орталығы арқылы алып отырды" деген болатын. Кубадағы аталмыш орталықты қайта пайдалануды Ресей қаржы пайда болуымен және АҚШ-пен арадағы қарым-қатынасқа салқындық түскенімен түсіндірген. РФ Қорғаныс министрлігінің жоғарғы шенді дерек көзі "біздің бейбіт мақсатымызды бағаланбады" деп мәлімдеген.

КСРО кезінде орталықта үш мыңға тарта маман жұмыс істеген, ал 1990 жылдары олардың саны 1,5 мыңға дейін қысқарған. Технологияның өркендеуіне байланысты қазіргі таңда орталық көп маманды қажет етпейді. Сондықтан орталықты қайта қалпына келтіріп, жұмысты одан әрі жүргізу бұрынғыдай масштабта болмайды.

Орталықты қайта қалпына келтіріп, жұмысты одан әрі жүргізуге қанша қаржы қажет екені қазірге белгісіз. 1992 жылға дейін Ресей аталмыш орталықты тегін пайдаланған. Одан кейін Мәскеу орталықты жалға алып, жыл сайын ақы төлеп отыруға уәде берген. Келісім бойынша 1992 жылы 90 миллион, 1993-1995 жылдары 160 миллионнан, 1996-2000 жылдары 200 милион доллардан ақы төлеп тұру туралы келісілген. Десе де Ресей ол қаржыны валюта есебінде емес, азық-түлік, ағаш, отын және мұнай, әскери техника және оған қажет қосалқы бөлшектер жеткізу арқылы есеп айырысқан. Ал әскерилерді ұстап тұруға Мәскеу жыл сайын 100 миллион доллар қосымша шығын шығарып отырған. Ал Кубаның өз елінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі үшін алынған ақпаратпен танысып отыру құқығы болған.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети