Су-24 ұшағы. © РИА Новости
Сирияда ресейлік Су-24 ұшағы құлады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Сирияда ресейлік Су-24 ұшағы құлады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Ресейдің Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Су-24 Сириядағы Хмеймим аэродромынан ұшу кезінде құлаған.
"10 қазанда ұшақ Сириядағы Хмеймим аэродромында ұшып-қону жолағынан асып кетіп құлаған. Ұшақ экипажы катапульталанып үлгермей, қаза болды", - деп хабарлады ведомстводағылар.
Сондай-ақ, министрліктегілердің мәліметінше, әуе апатына ұшақтың техникалық ақаулары себеп болған.