07 қыркүйек 2017 09:32

Шымкенттегі жемқорлық дауы: Үкімді естіген парақор судья жылап жіберді

© Tengrinews.kz

Шымкентте бопсалау арқылы пара алған судья 7 жылға сотталды. Сондай-ақ, оның мүлкі тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбекші аудандық соттың судьясы Мырзалы Жорабаевқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте бопсалау арқылы пара алған судья 7 жылға сотталды. Сондай-ақ, оның мүлкі тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбекші аудандық соттың судьясы Мырзалы Жорабаевқа сілтеме жасап.

Шымкенттегі Қаратау ауданының экс-судьясы 39 жастағы Ермахан Шаланов өмір бойына сотта және мемлекеттік органдарда жұмыс істеу құқығынан айырылды. Бірақ ер адам сот үкімін естігінде көзіне жас алды. Экс-судья ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігі 1-тармағы бойынша ("Пара алу") айыпты деп танылды.

Реклама
Реклама


© Tengrinews.kz

"Сотталушының кінәлі емес екенін сендірмек болған адвокаттар сот процесін қиындатты. Бірақ сотқа дейінгі тергеу барысында оның айыпты екенін толықтай көрсететін дәлелдер жиналды. Алайда ер адам өз кінәсін мойындаған жоқ. Соттың шешімімен жеті жылға сотталды", - деді судья Мырзалы Жорабаев.


© Tengrinews.kz

Еске сала кетейік, судья 2017 жылдың қаңтарында ұсталған болатын. Жемқорлыққа қарсы қызметіндегілер Жоғарғы сотпен арнайы операция жүргізген. Нәтижесінде судья Шалановтың арыз берушіден сот үкімін оның пайдасына шығару үшін жарты миллион ақша талап еткені анықталды.

Соттағылар судья Ермахан Шалановтың төменгі қызметтерден бастап жұмыс істегенін айтады. Хатшы да, сот орындаушысы да болған. Ал кейінірек басқа өңірлерде де судья болып қызмет еткен. Ал 2015 жылдан бастап Қаратау ауданының судьясы болған.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram