Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына барады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© fckairat.kz © fckairat.kz

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Колумбияда өтетін әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды. Отандастарымыз қарымта ойында Польша құрамасын 7:0 есебімен ойсырата жеңді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Колумбияда өтетін әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды. Отандастарымыз қарымта ойында Польша құрамасын 7:0 есебімен ойсырата жеңді.

Қазақстан құрамасы ойынды аса ширақ бастады. Қарсыластарына барынша қысым жасай білген отандастарымыз нәтижені көп күттірмеді. Қақпашы Игитаның шапшаң қимылы поляк ойыншыларын сан соқтырды. Шабуылын үдеткен Какау шәкірттері мұнымен тоқтап қалған жоқ. 5 минутта Қазақстан құрамасы кезекті жүйелі шабуылының нәтижесінде. Серік Жаманқұлов есепті 2:0-ге жеткізді. Ойын жүйесін өзгертпек болған поляктар қазақстандық ойыншылардың жылдам шабуылдарына ілесе алмады. Бірінші тайм аяқталғанша Дуглас пен Жаманқұлов дубль авторы атанды.

Екінші таймда Польша құрамасының ойыншылары қорғанысқа баса назар аудара бастады. Ойын біршама бәсеңсіп, қос құрама қорғаныста сауатты ойнай бастады. Десе де Қазақстан құрамасының ойыншылары шабуылда қауқарлы екенін байқата білді. 26 минутта Лео есепті 6:0-ге жеткізсе, араға 4 минут сала Арнольд Кнауб поляктар қақпасына 7-голды соқты. Нәтижесінде қос ойын қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы поляктарды 8:1 есебімен жеңіп, Колумбияда өтетін әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына араға 16 жыл салып жолдама алып отыр. Дода 10 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Колумбияда өтеді.

© Massaget.kz

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro