Тель-Авив қаласының футбол клубы "Маккаби" бас бапкері Хорди Круифф израильдық клубтың "Барселона" және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессиді сатып алу мүмкіндігі жайлы әзілдеді, - деп хабарлайды "Чемпионат.com".

"Мессиді "Барселонадан" басқа бір клубтың жейдесін киіп жүргені қызық болар еді. Мессиді сатып алу үшін банк тонау қажет", - деп жазады Marca Круиффтың сөзін.
Осыған дейін "Манчестер Сити" басшылығы Месси үшін футбол тарихындағы рекордтық соманы ұсынғаны хабарланды. Олар Мессиді сатып алу үшін 400 миллион еуро беруге дайын. Осы маусымда аргентиналық футболшы Испания чемпионатында жеті ойынға қатысып, 11 гол салған.
Еске салайық, "Маккаби" Еуропа лигасының А тобында елодалық "Астананың" қарсыласы. 19 қазанда "Астана" "Маккабиді" Қазақстан астанасында қабылдайды, ал 2 қарашада елордалық команда Израильде ойнайды.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңін аяқтады. Топтағы соңғы ойында қазақстандық футболшылар Армения құрамасымен тең ойнады.