Атырауда төрт баланың әкесіне екі бөлмелі пәтердің кілті табысталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Атырауда әскери қызметкер Мұрат Сатыбаев жаңадан салынған үйден екі бөлмелі пәтер алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің басшысы капитан Урбайза Абитоваға сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Атырауда әскери қызметкер Мұрат Сатыбаев жаңадан салынған үйден екі бөлмелі пәтер алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің басшысы капитан Урбайза Абитоваға сілтеме жасап. 

2018 жылдыӊ басында әскери қызметшілердіӊ тұрғын үй төлемдерін пайдалану механизмі өзгерді. Бұрын мемлекеттен берілетін бұл ақшаны әскери қызметшілер тек үй жалдауға ғана жұмсай алатын еді. Енді оны екінші деңгейлі банктердегі шотқа жинай алады, жеӊілдетілген қарызды өтеуге де, басқа банктердегі ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруға да, тіпті, үлестік құрылысқа қатысу үшін де қолдана алады.

2017 жылы желтоқсанда әскери қызметтің беделін, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік-құқықтық мәртебесін арттыруға бағытталған "Тұрғын үй қатынастарының мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына қол қойылды. Сол заңға сәйкес әскери қызметшінің отбасы мүшесі санына шаққанда 18 шаршы метр есебімен тұрғын үйге арналған тиесілі төлемдер екінші деңгейлі банкке жыл сайын аударылып отырады. Атырау облысында бір адам басына тұрғын үй төлемі - 29 844 теңге.

Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшісі үшінші санатты сержант Мұрат Сатыбаев бұрыннан пәтер алуды арман еткен. Төрт баланың әкесіне жалдамалы пәтерде тұру қиын болғандықтан, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің "Әскери өнім" арнайы бағдарламасының арқасында жарты жыл ішінде 67 шаршы метрлі екі бөлмелі пәтерге ие болды. 

"2014 жылдан бастап жолдасымыз екеуіміз тұрғын үйге арналған тиесілі төлемдерді екінші деңгейлі банкке жинайық деп шештік. Төрт жыл ішінде қомақты сома жиналған кезде, 2018 жылы әскери қызметшілерге арналған "Әскери өнім" бағдарламасы шықты, қуанышымызда шек болмады. Сол бағдарламаның конкурсына өтініш бердік, аяқталайын деп жатқанда "ғимаратты көріңіз" деп банктен телефон шалды. Жолдасымыз екеуміз қасында бала-бақша, мектеп жақын болса, балаларға дұрыс болар еді деп келгенбіз, сөйтсек расында да "Нұрсая" ықшам ауданында біз армандап келе жатқан бала-бақшамыз да, мектебіміз деп жап-жақын болып шықты. Жұмыстан әртүрлі құжаттар жинап өткізіп, жарты жылда үйдің кілтін алып осы әдемі ғимараттың иесі атандым", - дейді Мұрат Сатыбаев.

Пәтерлі болған үй иесін Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерімен жұмыс жасау бөлімі келіп құттықтап, өз тілектерін жаудырды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 516.91  course down  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro