13 тамыз 2020 10:00

Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында "Ангел" балалар қауіпсіздігі орталығының басшысы Зарина Жұмағұлова желіде балалар үшін қауіпсіз жағдай қалыптастыру мен оны буллингтен қорғау жолдарын айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында "Ангел" балалар қауіпсіздігі орталығының басшысы Зарина Жұмағұлова желіде балалар үшін қауіпсіз жағдай қалыптастыру мен оны буллингтен қорғау жолдарын айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жобаның бас серіктесі - KCELL компаниясы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Қонақтар тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңес береді. Эфир аптасына екі рет жүргізіледі - бейсенбі мен жексенбі.

Бүгін, 13 тамыз сағат 20:00-де Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасында спикер "Балалардың желідегі қауіпсіздігі. Антибуллинг" атты тақырыпта әңгіме өрбітеді.

Зарина Жұмағұлова - балалар қауіпсіздігі бойынша нұсқаушы, "PRO жеке қауіпсіздік және Антибуллинг" курсының авторы, балаларға қатыгез және немқұрайды қараудың алдын алу жөніндегі халықаралық қоғамдастықтың мүшесі (ISPCAN). Ол Қазақстандағы балалар қауіпсіздгіне арналған бірінші отбасылық SAQBOL онлайн-форумын ұйымдастырған.

Жүргізуші - журналист, телерадиожүргізуші Махаббат Есен. 

Сұхбат үзіндісін Tengrinews.kz сайтынан оқып, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай аласыз. i-balaqai жобасы аясында подкаст, пайдалы мақалалар мен видеолар шығады. 

Сондай-ақ видео-сұхбатты Tengri-TV-дің YouTube-арнасыннан және Tengrinews.kz-тің Facebook желісіндегі парақшасынан көруге болады. 

i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.

i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымындағы қонақтар: заңгер Ержан Есімханов, педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили және оның ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили, психолог Александр Колмановский, жазушы Наталья Ремиш, педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер, ұрпақтар теориясы бойынша маман Евгения Шамис, психолог Анатолий Некрасов және психология бойынша дәрігер Виктория Шиманская, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы Майя Қасымова, педагог, психолог Алексей Бабаянц, тележүргізуші, волонтер Адель Оразалинова, психолог, физиолог, биология ғылымдарының кандидаты Марьяна Безруких, психотерапевт, қоғам қайраткері Марина Таргакова, псиxолог, нейропсиxолог Мирза Назгина, педагог, психолог Анна Быкова, халықаралық білім беру бойынша сарапшы, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Марина Хан, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Николай Негай, балалар психологы, ойын терапевті Виктория Гончарова, педагог Елена Венгерская, балалар психологы, арт-терапевт Елена Бурьевая, кәсіби коуч, ментор Мадина Билялова, журналист, жазушы Александр Мурашев, психотерапевт Рашид Азизов, психиатр, психотерапевт Евгений Фомин, Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығының төрайымы Лейла Күленова, Astana Garden School инновациялық мектебінің негізін қалаушы Нұрмұxаммед Досыбаев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети