Даниал Ахметов жылусыз қалған Зырян тұрғындарынан кешірім сұрады

19 Қараша 2016, 10:12
0
Даниал Ахметов жылусыз қалған Зырян тұрғындарынан кешірім сұрады -

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жылусыз қалған Зырян тұрғындарынан осы уақытқа дейін жөндеуден өтпеген қалалық жылу жолдары үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Шаһардың көпқабатты үйлеріндегі жағдайды қарамағындағылардың салғырттығынан деген әкім көмусіз қалған жылу құбырларын тез арада қалпына келтіруді тапсырды. КТК телеарнасының мәліметінше, қалада құбыр ауыстырумен үш мердігер компания айналысқан екен. Бірақ бірде-бірі бұл шаруаны  аяғына дейін атқармаған. Бірінің еңбекақы төлейтін ақшасы болмаса, екіншісінің басшысы ізім-қайым жоғалған. Үшіншісінің де шаруасы өнбепті.

"Мен жұмыстардың дер кезінде орындалмағаны үшін Зырян тұрғындарынан кешірім сұраймын", - деді Даниал Ахметов.

Естеріңізге салсақ, Зырян қаласындағы жылу құбырлары күрделі жөндеуден соң көмусіз қалған еді. Енді оны жергілікті билік мердігерге тапсырмай, өздері жөндеуі тиіс

"4-5 күннің ішінде қалған жұмысты істеуге болады. Оған мүмкіншілік бар. Мен әкімге тапсырма бердім. Өздерінің жұмыскерлері содан кейін "Казцинктің" жұмыскерлерін алып, жөндеу жұмысын бітіру керек", - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

Сонымен қатар, телеарна мәліметінше, Зырянның кейбір аудандарында осымен жарты жылдай ыстық су жоқ.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай