Қазақстан еңбек нарығының тиімділігі факторы бойынша әлемдік көшбасшылар отыздығына енді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© kapital.kz © kapital.kz

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жаңа Еңбек кодексінің құқықтық қолданылу тәжірибесі мәселелері мен жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау шаралары қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жаңа Еңбек кодексінің құқықтық қолданылу тәжірибесі мәселелері мен жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау шаралары қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 2016 жылдан бастап Қазақстанда минималды еңбек стандарттарын, жұмысшыларға кепілдіктер мен өтемақыларды бекітетін жаңа Еңбек кодексі қолданыста екенін айтты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік бойынша жаһандық индексінде 20 орынды иеленген және "еңбек нарығының тиімділігі" факторы бойынша көшбасшы елдердің отыздығына кіреді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту мақсатымен алдағы үш жылда қысқартылған жұмыс уақытын, ақысы төленетін қосымша жыл сайынғы еңбек демалысын беру және сүт жеткізу немесе сүтпен бағалас өзге емдік-профилактикалық тамақтандыру өнімдерін жеткізу бойынша салалық нормативтер қайта қаралатын болады. Бұдан өзге, министрлік әйелдердің еңбегін реттеуді жақсарту жұмыстарын жүргізуді жоспарлайды.

Кәсіподақтармен өзара іс-қимыл мәселелерін қозғай отырып, министр Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Кәсіподақтар федерациясымен бірлесіп кәсіподақтардың қызметін жетілдіру мен еңбек дауларын шешу мәселелері бойынша заң жобасының тұжырымдамасын әзірлегенін атап өтті. Өз кезегінде, ҚР Жоғарғы соты еңбек дауларын шешу кезінде соттардың заңнаманы қолдану мәселелері бойынша жаңа нормативтік қаулы әзірлеген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 516.91  course down  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro