Қазақстанда мүгедектердің жағдайы жақсаратын болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның Парламент Мәжілісінде мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жақсартуға 10 миллиард теңгеге жуық қосымша қаражат бөлуді қарастыратын заң жобасы қаралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Парламент Мәжілісінде мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жақсартуға 10 миллиард теңгеге жуық қосымша қаражат бөлуді қарастыратын заң жобасы қаралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мүгедектердің құқығын қорғау мәселелері жөніндегі заң жобасын талқылау барысында Мәжіліс депутаттарының бірі ғимараттар мен тұрғын үй кешендерінің құрылысы кезінде әлеуметтік заңнаманың талаптарын орындамайтын отандық жеке компаниялардан және жол құрылысына жауаптылардан қатаң сұрау керек екендігін атап өтті. 

"Мен заң жобасын қолдаймын. Менің тілегім бар: жаңа үйлерді пандустарсыз соғатын және жол жиегінде сырғанау жолдарын жасамайтын құрылысшылардан қатаң түрде сұрау керек", - деді мүгедектердің құқығын қорғау туралы заң жобасын қарау кезінде депутат Мұхтар Тінекеев. Сонымен қатар, ол жаңа заң жобасында қарастырылған қаражаттың қайда жұмсалатынын айтып беруді сұрады. 

"9,9 миллиард теңгені біз бірінші кезекте гигиеналық және техникалық құралдарды ұсыну стандарттарының жақсаруына қарастырдық. Олардың мөлшері өте аз болды және қоғамдық бірлестіктердің тарапынан өте көп жолданым болды - бұл олардың күн сайын алып отыратын гигиеналық құралдары. Біз айлық қамтамасыздандыру беріп отырдық, енді оларға жылдық қамтамасыздандыру береміз. Екінші бөлім: шамамен 1,5 миллиард теңгені біз кохлеар имплантанттарды алған балаларға арналған есту-сөйлеу процессорларына қарастырдық. 800 бала, олардың 400-ін ауыстырғымыз келеді. Үшіншісі: кохлеар имплантациядан өткен балалардың есту-сөйлеу реабилитациясына қарастырылды". - деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.

Дүйсенованың айтуынша, заң жобасында әлеуметтік заңнаманы сақтамағандарға айыппұл санкциялары қарастырылды. Ол мүгедектерге арналған заңдардың сақталуы саласын жергілікті атқарушы органдарындағы еңбек инспекциясының, министрліктің аймақтық департаменттерінің бақылауға алатынын түсіндірді. Мұнымен қатар, оның айтуынша, олардың құқығын сот арқылы қорғауға болады. 

"Қазіргі уақытта Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте әлеуметтік заңнаманы сақтамағандарға айыппұл санкцияларын салатын нормалар бар. Лауазымды тұлғаларға 50 АЕК түрінде, егер шағын бизнес болса 100 АЕК, орта бизнес болса 120 АЕК, ал ірі бизнес болса 400 АЕК-ке дейінгі айыппұл түрінде жаза қарастырылған. Сіздердің ұсыныстарыңыздың негізінде қосылған осы заңбұзушылықтарға осындай айыппұл санкциялары қарастырылады", - деді ведомство басшысы. 

Мүгедектердің құқығын қорғау мәселелері туралы заң жобасын бүгін Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 516.91  course down  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro