Әлеуметтік желілерде қауіпсіздік жастығы жоқ көлік жүргізушілерін шлем киюге міндеттеу туралы қауесет таралып жатыр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ІІМ-нің бұл мәліметке ешқандай да қатысы жоқ. Біреулер 1 сәуірге дайындалып жатқан шығар", - деп пікір білдірді ол.
ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев та жол қозғалысы ережесінде мұндай норманың жоқтығын растады.
Еске салайық, шыққан мерзімі 2017 жылдың 30 наурызы деп көрсетілген газет қиындысының суреті әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Онда 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жол қозғалысы ережесіне өзгерістер енгізілетіні хабарланған, бұл өзгерістерге сәйкес, елді мекендерден сыртта жүргендердің көлігінде қауіпсіздік жастығы болмаса, жүргізушісі шлем киюге міндеттелетіні жайлы жазылған.