Ақорда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылы АҚШ-қа сапарында түсірілген видеоның үзіндісін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
1992 жылдың 18-20 мамыр аралығында Қазақстан Президенті Америка Құрама Штаттарына тұңғыш ресми сапармен барды. Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Джордж Бушпен, Мемлекеттік хатшы Джеймс Бейкермен және өзге де министрлер, сенаторлар және кәсіпкерлермен кездесті.
Алғашқы сапар аясында Қазақстан мен АҚШ Үкіметі арасындағы Өзара түсіністік Меморандумына, Капитал салуды қолдау мен өзара қорғау туралы келісімге, Сауда қатынастары туралы келісімге және басқа да құжаттарға қол қойылған.
Бұған дейін Ақорда Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылғы АҚШ-қа бірінші ресми сапарында түсірілген мұрағаттағы видеоны жариялаған болатын.
Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Дональд Трамппен Вашингтонда 2018 жылдың 16 қаңтарында кездеседі. Мемлекет басшысы АҚШ-та 18 қаңтарға дейін болады.
Сонымен қатар, 18 қаңтарда Қазақстан Президенті БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қару қолдануды жаппай жоюға арналған брифингіне қатысады.
Каншама жыл откен екен сол кезден бери. Сол жылдары Казакстан жана гана Егемендигин алып жан жакты экономиканы дамыту ушин халыкаралык катынастарды ныгайтып жаткан кезгой. Бари Президентимиздин аркасында
Иа АКШ мемлекети биздин экономикамызда ерекше саяси орын алады. Сол 1992 жылы курылган бул серыктестык казирде биригип коптеген белестерге жетуде!
1992 жылдан бери коп уакыт откен. Айтседе казир еки ел арасында бейбитшилик карым катынас орнаган. Елбасымыздын аркасында, коптеген мемлекеттермен саяси карым катынас орнатып дамып келемиз
Осы жолгы кездесу барысындада Трамппен Афганыстанга катысты барлык маселлер биржакты кылып шешиледи деген умыттемиз.
АКШ катынский манызды экономикалык жане саяси серыктестеримиздин бири. Жане ол мемлекетпен ара катынасымыздын узилмеуи шарт. Себеби бул серыктестик еки мемлекеткеде зор пайдасын акелуде
Видеонын шыкканына биршама жыл болыпты. Сондада биздин Елбасымыздын сол 1992 жылы сиякты байсалды да акылды ел баскарар азамат. Оган жасаган зор енбеги ушин алгыс айтамыз
АКШ мемлекети оте дамыган мемлекеттердин бири. Сол уакытта Казакстан али ешкимге танылмаган кишигирим мемлекет болып еди. Сол кезде Буш мырзанын бизди жаксы карсы алып, сериктес болуга келисим бергенине алгыс айтамыз