25 сәуір 2019 17:55

Шымкенттік тәртіп сақшылары қыз баланы құтқарып қалды

© Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен

Бұл оқиға тәртіп сақшыларының Шардара қаласындағы оқу-жаттығу кезінде болған. Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Otyrar.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұл оқиға тәртіп сақшыларының Шардара қаласындағы оқу-жаттығу кезінде болған. Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Otyrar.kz

Жергілікті тұрғындар жас қыздың жардан суға секіргелі тұрғанын көріп, кезекші бөлімге хабар береді. Мұны естіген Шымкент қаласы және Түркістан облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының ерекше тапсырма бойынша аға инспекторы Кеңес Ерімбетов пен әріптесі Әбдірашит Сержан Шардара су қоймасында қыздың ағып бара жатқанын көріп, дереу суға түскен. 

Реклама
Реклама

"Су қоймасына жүгіріп барып, әріптесім екеуміз суға түсіп, қызды жағаға алып шықтық. Сол кезде бекеттегі полиция қызметкерлері шақырған медицина қызметкерлері мен құтқарушылар да келді. Ол мамандар қызға алғашқы көмек көрсетті", - дейді полиция капитаны Кеңес Ерімбетов.

Қыз бала Шардара ауданының тұрғыны болып шықты. Тәртіп сақшылары оған психологиялық қолдау көрсетті.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram