19 ақпан 2014 18:02

Жас кәсіпкерлерге 100 миллион теңге бөлінеді

©barosaonline.com

Шығыс Қазақстанда кәсібін енді бастаған жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында 2014 жылы 100 миллион теңге бөлінеді, деп хабарлады облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Шәкәрім Бұқтығұтов Tengrinews.kz тілшісіне. Бұл қаржы биыл бөлінуге тиіс. Осынша көлемдегі қаржыны бөлу жөніндегі ұсынысты облыстық кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармасы тиісті орындарға жіберген көрінеді. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Шәкәрім Бұқтығұтовтың айтуынша, өз кәсібін ашуға ниетті жас кәсіпкерлерге қаржы бөлу жұмыстары былтырғы жылы өз нәтижесін берген. - Биылғы жылы 25 миллион теңге қаржы бөлу қарастырылған еді. Алайда біз қосымша 90 миллион теңге бөлу жөнінде ұсыныс жібердік. және оң нәтиже де күтіп отырмыз. Айта кетерлігі, бұл бағдарламаға қызығушылық жылдан жылға артып келеді, - дейді Шәкәрім Бұқтығұтов.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram