АҚШ тұрғыны қайтыс болған ұлының жүрек соғысын тыңдап көрді, - деп хабарлайды The Telegraph.
АҚШ тұрғыны қайтыс болған ұлының жүрек соғысын тыңдап көрді, - деп хабарлайды The Telegraph.
Лиза Суонсонның 18 жастағы ұлы Леви 2012 жылы жол апатынан қайтыс болған. Бірнеше күн өткеннен кейін оның жүрегі кардиомиопатиямен ауыратын 64 жастағы Терри Хуперге беріледі. Сәуір айының басында әйел Небраска штатындағы медициналық орталықта Хупермен кездесіп, қайтыс болған ұлының жүрек соғысын тыңдап көрді.
Терри Хупер Лизамен Левидің суреті бейнеленген жейде киіп кездесті. Ер адам кездесу барысында Лизаның ұлының нағыз батыр болғанын айтты. "Мен бір уақытта қуанышты да, қайғыны да сезінемін. Ұлымның қазір қасымда болмағаны өкінішті, дегенмен оның Терриге көмектесе алғанына қуанамын", - деді Лиза Суонсон.