17 қараша 2015 | 17:53

Charlie Hebdo Париждегі терактілерге жаңа карикатура салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© charliehebdo.fr © charliehebdo.fr

Францияның атышулы Charlie Hebdo сатиралық журналы Париждегі терактілерге жаңа карикатура салды, - деп хабарлайды BFMTV.


Иконка комментария блок соц сети

Францияның атышулы Charlie Hebdo сатиралық журналы Париждегі терактілерге жаңа карикатура салды, - деп хабарлайды BFMTV.

Карикатура 17 қараша күні таңертең шықты. Суретте ер адам аққайнар ішіп тұр. Бірақ оның денесі шұрқ тесік және ол ішіп тұрған аққайнар сол тесіктер арқылы сыртқа төгіліп жатыр. Суреттегі жазба мынадай: "Оларда қару бар. Оларда да, бізде де аққайнар бар!"

Бұған дейін француздардың атышулы Charlie Hebdo сатиралық журналы Париждегі теракт жөнінде карикатура жарияланған жаңа номер шығарған болатын. Сурет журналдың ресми сайтында жарияланды. Карикатураның астында "Француздар қалыпты өмірге оралып жатыр" деп жазылған. Суретте мұрты бар аруақ бейнеленген. Аруақтың қолына багет ұстатып, басына берет кигізіп қойған. Оның париждіктерге ұқсатып салынғаны көрініп тұр.


© charliehebdo.fr

Еске сала кетейік, 14 қарашаға қараған түні Парижде белгісіз біреулер ең алдымен қаладағы мейрамханалардың біріне шабуыл жасады. Сонымен қатар, Франция-Германия матчы өтіп жатқан "Стад де Франс" стадионының маңынан да жарылыстың дыбысы естілді. Лаңкестер "Батаклан" театрында адамдарды кепілге алды. Соңғы дерек бойынша, 129 адам қаза тауып, 300 адам жарақаттанды. Жеті лаңкестің көзі жойылды. Полиция қылмысқа қатысы барлар мен ұйымдастырушыларды іздестіріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети