Көкшетаудағы дауылдың салдарынан жарықсыз қалған аудандарда электр қуатын беру қалпына келтірілді, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".
Көкшетаудағы дауылдың салдарынан жарықсыз қалған аудандарда электр қуатын беру қалпына келтірілді, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".
Агенттікке Ақмола облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің мамандары "Апат жексенбі күні сағат 00.45-те залалсыздандырылды", - деп хабарлаған. Мамандардың мәліметінше, өткен сенбі күні күшті жел әкімшілік ғимараттардың шатырын ұшырып, ВЛ-110 жоғары вольтты желісін үзіп кеткен.
Соның салдарынан Көкшетаудың Васильковский, Көктем, Элеватор аудандарында, Застанционный елді мекенінде және Абылай хан даңғылындағы бірқатар үйлер жарықсыз қалған. Электр қуатынан барлығы 130-ға жуық тұрғын үй немесе 10 мың абонент ажырады.
Бұған дейін өңірде қатты дауыл болғаны хабарланған еді. Щучинск қаласында ауа райының қолайсыздығына қарамастан, құрылыс жүргізіп жатқан екі адам шатырдан құлап кетті. Олардың бірі сол жерде қайтыс болса, екіншісі ауруханаға түсті. Өткен тәуліктерде еліміздің басқа да өңірлерінде күшті дауыл соғып, баспаналар мен түрлі нысандарды шатырынан айырды.