"Алтын Үкі-2016" сайысында мергендер заманауи қарудың үлгілерін қолданады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі © ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қарағанды облысының іргесіндегі "Спасск" оқу-жаттығу орталығында "Алтын Үкі-2016" 4-ші халықаралық мергендік жұптар сайысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысының іргесіндегі "Спасск" оқу-жаттығу орталығында "Алтын Үкі-2016" 4-ші халықаралық мергендік жұптар сайысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл сайыс барысында өзі ісінің үздіктері кездесті. "Биылғы жылғы жарыстың ерекшелігі командалардың өз қаруларымен келуінде болып отыр. Бұл қатысушылардың мүмкіндіктерін теңестіреді. Сонымен қоса жарыстың барынша объективті болуы үшін төрелік ету жүйесін де өзгерттік. Осындай жарыстар мергендерге бірін-бірі білуге, қарым-қатынас жасауға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді", - деді жарыстың бас төрешісі полковник Равиль Жанұзақов.

 

Аталған жарысқа ҚХР, АҚШ, Ресей Федерациясы, Белорусь Республикасы, Ұлыбритания, Пәкістан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының күштік ведомствалардың мергендері қатысады. Сайысқа қатысатын мергендер көптеген елдің қару-жарақ қатарын құрайтын заманауи мергендік мылтықтың үлгілерін қолданады.

 

"Мұндай жарыстарға қатысудың өзі үлкен мәртебе. Өзге командалардың қалай жұмыс жасайтынын бақылаудың өзі қызық. Әлемдегі мергендердің тәжірибесін жинақтауға бұл тамаша мүмкіндік", - деп мергендер командасының командирі сержант Вилл Томас атап өтті.

Жарыстың мақсаты - түрлі үлгідегі кәсіби тәсілдерді орындау әдістерін жетілдіру, мергендердің дене төзімділігіне шыдау мүмкіндіктерін анықтау, психологиялық кернеуге шыдау, сондай-ақ атыс және далалық машық деңгейін анықтау. Дәлдеп атудың шеберлері 5 күн бойы түрлі қашықтықтағы нысаналарға атудан, жылдам атудан, бүркемелену машықтары мен ойлы-қырлы жерлерді бағдарлаудың үздігі атану үшін күресетін болады.


© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Еске салайық, өткен жылы "Алтын үкі - 2015" жарысында Қазақстанның арнайы мақсаттағы бөлімшелері жеңімпаз атанып, алтын кубокты иеленді. Бұл жарыстың әр кезеңі жоғары деңгейдегі төзімділікті, күш-жігерді, сапалы командалық жұмыс пен әр қатысушының жақсы даярлығын талап етті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517  course down  587.02  course down  6.32  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro