16 қараша 2016 | 21:03

Белгілі саясаткерлер банкнотта президенттің бейнеленуіне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі саясаткерлер банкнотта президенттің бейнеленуіне қатысты пікір білдірді. Мәселен, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғарифолла Есімнің айтуынша, мұның жағымды үрдіс екенін айтады. Бұл туралы "Хабар" телеарнасы хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Белгілі саясаткерлер банкнотта президенттің бейнеленуіне қатысты пікір білдірді. Мәселен, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғарифолла Есімнің айтуынша, мұның жағымды үрдіс екенін айтады. Бұл туралы "Хабар" телеарнасы хабарлады.

"Бұл өте жақсы. Жалпы қандай мемлекет болмасын ақша шығарады. Ақшаға өзінің басшыларын салады. Осы күнге дейін біз жасамай келіп едік, мынау өте дұрыс болып отыр. Тәуелсіздіктің 25 жылдығында мұндай банкноттың шығуы дұрыс, қажетті", - деді ол. 

Ал ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Сейдуманов мұның бүкіл әлемде қалыптасқан үрдіс екенін айтты. "Бүкіл әлемде қалыптасқан үрдіс бойынша өз елінің тарихи, саясаты және мәдениеті саласында үлкен үлес қосқан ұлы қайраткерлердің портреттері осы банкноттарда қолданылады. Бізде сондай жолмен жүріп жатырмыз", - деді Сейдуманов. 

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Шерзод Пулатов болса мұндай ұсынысты бұған дейін бірнеше рет айтқанын атап өтті. "Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мұндай ақша жасау жөнінде бірнеше рет ұсыныс айтқан. Енді, міне, өзге елдердегідей біздің көшбасшымызға да лайықты құрмет көрсетіліп, 10 мың теңгелік банкнот шығарылды", - деді ол.

Еске салайық, кеше ҚР Ұлттық банкі Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген жаңа купюраны таныстырған болатын. 10 мыңдық сувенирлік банкнот Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети