Қазақ тілтанымына елеулі үлес қосқан профессор Әлімхан Жүнісбек өмірден өтті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбек өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбек өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл турлы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ресми парақшасында жарияланды.

"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұжымы ғалымның қазасына орай, марқұмның туыстарына қайғырып көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Әлімхан Жүнісбек 1938 жылы 12 мамырда Оңтүстік Қазақстан (Түркістан) облысы, Шәуілдір ауданы (қазіргі Отырар ауданы), Қарғалы аулында дүниеге келген. 1958 жылы Алматыдағы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөліміне оқуға түсіп, 1963 жылы бітіріп шығады.

1999 жылы профессор ғылыми атағын алады. Әлімхан Жүнісбек - қазақ тілтанымында өзіндік орны бар ғалым.

Теориялық тілтанымдағы жылдар бойы сіресіп қалыптасып қалған "еуропаөзімшіл" (европацентристік) бағытқа қарсы алғаш көтерілгендердің бірі болды. Қазақ тіліндегі (түркі тілдеріндегі) практикалық (фонетикалық) таным деңгейінен аса алмай келе жатқан үндесім (сингармонизм) құбылысының теориялық зерттелімін бастап, сингармология теориясының негізін қалады. Мұның өзі қазақ тілтанымының фонетика саласындағы күрделі өзгерістердің басталуына себеп болды. Сингармонизм теориясын жалпы лингвистикалық деңгейге көтерді. Соның нәтижесінде қазақ тілінің дыбыс жүйесін зерттеудің әдістері мен ғылыми аппараты түбегейлі өзгерді.

Қазақ тілінің жасалым негізінің (артикуляциялық базасының) үлгісі мен оның сипаттамасын түркі тілтанымында алғаш рет ұсынып отыр. Соның нәтижесінде қазақ тілі дыбыстарының үндесім және үйлесім айтылымының толық артикуляциялық қорын жасады. Қазақ фонетикасының толық төл атаулар сөздігін құрастырған. Сөздіктің ерекшелігі – үнді-еуропа тілдерінде жоқ, қазақ (түркі) тілінде бар фонетикалық құбылыстарға (ұғымдарға) жаңадан атаулар беріліп, олар сөздік тізбесіне көптеп енгізілген.

Көп жылғы зерттеулерінің нәтижесі "Қазақ фонетикасы", "Введение в сингармоническую фонетику" және "Сингармология" деген атпен баспадан шықты. Академиялық "Қазақ грамматикасының" авторларының бірі Ғалым қаламынан 150-ге тарта ғылыми еңбектер, 15 шақты әдістемелік және оқу-құралдар жарияланды. 

Әлімхан Жүнісбек - әр жылдары Халықаралық ИНТАС қорының (бұрынғы Кеңес республикаларының ғалымдарына көмек қоры), Халықаралық "Сорос-Қазқстан" қорының (үш дүркін), Аджип ККО компаниясы гранттарының иегері болған.

2007 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төс белгісімен, ал 2011 жылы "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды.
Әлімхан Жүнісбек Тіл білімі институтында кіші ғылыми қызметкер болып бастап, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болып жалғастырып, қазіргі кезде бас ғылыми қызметкер дәрежесінде ғылыми зерттеуін жалғастырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517  course down  587.02  course down  6.32  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro