Ерасыл Әубәкіровтың ісі бойынша сот үкімі 12 қазанда шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ерасыл Әубәкіровтың ісі бойынша сот үкімі 12 қазанда шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қайтыс болған Ерасыл Әубәкіровтің туыстарының адвокаты алқабилер соты мен судьяның кеңес бөлмесіне кеткенін айтады.
"Сот үкімі алқабилер шешіміне сай шығарылады. Әр қатысушы дауыс беретін болады. Бұл шешім үкімнің ішінде болады", - деді Tengrinews.kz тілшісіне жәбірленуші жақтың адвокаты Тельман Аленов. Ол Ерасыл Әубәкіровтің ісі бойынша сот үкімі 12 қазанда шығатынын айтты.
23 жастағы студенттің өліміне қатысты айыпты деп танылғандар өздеріне тағылған айыптарды жоққа шығарды. Олар өздерінің соңғы сөздерінде алқабилерден әділ шешім шығаруды өтінді.
Осыдан бір ай бұрын осы қылмыстық іске қатысты Астанада алқабилердің қатысуымен сот отырысы басталған еді. Еске салайық, 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровтың өліміне қатысты үш адам өтіп жатыр: Нұрбек Әжімбай, Виталий Шерстенев және Андрей Тихоненко. Оларға бірнеше бап бойынша айып тағылған: "Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу", "Бас бостандығынан заңсыз айыру", "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері", "Адам өлтiру" және "Қорқытып алу".
Осыған дейін, Адам өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталған, оның ішінде - Аян Мейірбаевбар болатын. Шілде айының соңында негізгі күдіктілердің бірі саналған Аян Мейірбаевқа қатысты қылмыстық қудалаудың тоқтатылғаны белгілі болды. Ол бостандыққа шықты.
23 жастағы студенттің өліміне қатысты істі Асхат Әшірбеков қарайтын болады. Осыған дейіні істі судья Айжан Шаяхметованың қарайтыны хабарланған болатын.
Еске салайық, Жас жігіттің жоғалып кеткені туралы ақпаратты әлеуметтік желілерге досы Диас жариялаған еді. Әубәкіровтің денесі 10 ақпанда жедел-іздестіру жұмыстарының барысында табылды. Қылмыс жасады деген күдікпен төрт адам ұсталды. Әубәкіров интерн-хирург болған. Студенттің достары оның үздік оқығанын, белсенді болып, қатарластарымен жақсы қарым-қатынаста болғанын атап өтті. Мәйітте зорлық белгілері болды.