Қарашығанақ түбінде балалардың жаппай талып қалуына қатысты жаңа мәліметтер пайда болды

viewings icon 165 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ауруханаға түскен балалар. ©mgorod.kz Ауруханаға түскен балалар. ©mgorod.kz

29 қарашаға қараған түні Батыс Қазақстан облысындағы Березовка ауылындағы алты бала Оралдағы облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды. Бұл туралы ата-аналардың бірі мен Бөрілі ауданы әкімінің орынбасары Азамат Сафималиев "Мой город" порталына хабарлады. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

29 қарашаға қараған түні Батыс Қазақстан облысындағы Березовка ауылындағы алты бала Оралдағы облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды. Бұл туралы ата-аналардың бірі мен Бөрілі ауданы әкімінің орынбасары Азамат Сафималиев "Мой город" порталына хабарлады. 

"Олардан асқыну анықталған жоқ. ЖРВИ немесе суық тию сияқты ауру белгілері болғандықтан, балаларды қосымша тексеруге ауыстырдық", - деді шенеунік. 

Әкім орынбасарының айтуынша, Бөрілі орталық аудандық ауруханасында қазір төрт бала жатыр, олардан да асқыну анықталған жоқ. "Қалған балалар мен мұғалімдер кеше кешкісін ауруханадан шығарылды. Дәрігерлер оларды үйлеріне жіберу керек деген қорытынды шығарды. Әкімдік автобус бөліп, балалар мен ата-аналар Березовкаға жөнелтілді", - деді ол.

Жергілікті денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі алты баланың төртеуіне диагноз қойылғанын айтты. Қалған екеуі тексеріліп жатыр. "Бір балада - орта деңгейдегі қаназдық, тағы бір балаға эпилепсия диагнозы қойылды. Келесі оқушыдан ми жарақаты, енді бір баладан гипоталамия синдромы анықталды", - деп хабарлады басқарма мамандары.

Еске сала кетейік, жуырда Березовка елді мекеніндегі мектепте балалардың жаппай есінен тана бастағаны хабарланған еді. 28 қараша күні жергілікті ауруханаға, негізінен, 11 мен 16 жастағы 19 бала және үш мұғалім жеткізілді. Олардың басы айналып, денесі құрысқан. Дәрігерлер "зорығу" деген алдын ала диагноз қойды. Олар "баллоншадан шашылған газдан улану" деген диагнозды да қарастырып жатыр. 

Бірақ ата-аналар бұл пікірмен келіспейді, олар бәріне экология кінәлі деп есептейді - ауыл іргесінде Қарашығанақ кен орны бар. Мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін Алексей Кобаның жетінші сыныптағы баласы да талып қалған. Ол: "Мұның алдында бірнеше күн бұрын балалар талып қала бастады, денелері қатты құрысты, ауыздарынан сілекейі ағып, аяқтары тартылды. Менің ұлым да ауруханада. Ол ауыр халде жеткізіліп, бірден системаға жатқызылды", - дейді.

Коба бұл оқиғаға кен орнының қатысы барына сенімді. "Біз кен орнының, оны бұқтырудың не екенін жақсы білеміз, төңіректе алау жанып тұрады, түнде жарық қажет емес. Соңғы кездері қатты иіс шықты, бірнеше күн бұрын лапылдаған дыбыс шықты. Біз қанша рет шағымдансақ та, ешкім бізді тыңдағысы келмейді. Біз үшін өміріміз бен балаларымыз бәрінен қымбат, қолымызда баламыз әл үстінде жатқанда не істеріңді білмейсің. Жылдам жетіп, көмек көрсеткен дәрігерлерге рақмет", - дейді Алексей Коба.  

 

 

28 қараша күні Березовка елді мекеніне Karachaganak Petroleum Operating B.V. компаниясының еңбек қауіпсіздігі және қауіпсіздік техникасы жөніндегі басқарушысы Стив Райт келді. Ол балалары ауруханаға түскен ауыл тұрғындарымен кездесті.

"Бұған дейін мұндай оқиға болған емес. Санитарлық қорғау аймағы нормаларға сәйкес бекітілген. Бізде периметр бойынша арнайы экологиялық бақылау тұрақтары орнатылған. Олар қауіпті газдар мен иістердің бәрін дәл бақылап, тіркеп отырады", - деді Райт.

"Тұңғыш және Березовка ауылдары көшірілуі тиіс болған еді, бірақ Тұңғыш ауылы көшірілді де, біз қалып қойдық. Ауылдың кен орнынан үш шақырым қашықтықта болуы қалыпты жайт саналды. Қайдағы қалыпты жайт? Лас ауа бес-алты шақырымға таралып жатқан жоқ па?" - дейді тұрғындар. 

Қазіргі уақытта оқиға орнында арнайы құрылған комиссия жұмыс істеп жатыр. Оған облыс әкімінің орынбасары Арман Өтеғұлов төрағалық етеді. 

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы
13°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю