Атақты футболшылар Фернандо Торрес пен Криштиану Роналду арасында жанжал шықты, - деп хабарлайды "Спорт Экспресс".
Бұл жайт Чемпиондар лигасының жартылай финал кездесуінде "Атлетико" және "Реал" (2:1) қарымта ойынында болды. 2:1 есебімен жеңе тұра Торрес португалиялықтың әрекетіне наразы болып, оған "Не болды?" деді. Содан кейін Торрес қарсыласын итеріп жіберіп, "сайқымазақ" деп атады.
Криштиану Роналду Торреске былай деп жауап қайырды: "Үйіңе қайт, ақымақ". Осы кезде жанжал ортасына бас төреші Джюнейт Чакыр кіріп, екеуін ажыратып жіберді.
Еске салайық, "Реал" Чемпиондар лигасының финалына қатарынан екінші рет шығып отыр.
Қолданушыларымызға ыңғайлы болуы үшін пікір авторларының орналасқан жерін автоматты түрде анықтау функциясын жасадық.
Введите свою почту и пароль
0:00