Сурет hcbarys.kz сайтынан
"Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының ең үздік клубтары сарапқа салып жатқан Гагарин кубогы додасында тұңғыш рет ширек финалға шығып, қазақ хоккейінің тарихына тың жетістік енгізді, деп жазады Tengrinews.kz. "Шығыс" конференциясындағы қалған үш жұпта жеңімпаз әлі анықталған жоқ. Тіпті «Шығыстың» көшбасшысы «Металлург» (Магнитогорск) клубының өзі плей-оффқа ең соңынан іліккен, осы конференцияда 8-орынға ие болған «Адмирал» (Владивосток) хоккейшілерін төрт рет қатар жеңе алмай, сергелдеңге түсуде. Ал қалған екі жұпты бәсекелестік шектен тыс қызып тұр. Екі жұпта да жалпы есеп – 2:2. Десек те, біздің «Барысқа» "Автомобилист" (Екатеринбург) клубын төрт рет қатар тізе бүктіру оңайға түскен жоқ. Төрт ойында да қазақ клубы бір шайба айырмасымен ғана ұтты. Ал алғашқы екі ойында тіпті ойын тағдыры негізгі уақытта емес, овертаймдарда шешілді. Енді бір көңіл аударарлық жәйт, төрт ойында да қақпаға соққы бағыттаудан Екатеринбург клубы «Барыстан» асып түсті. Қауіпті сәттерді есепке алсақ та, "Автомобилист" қатерді көп төндірді. Бірақ төрт ойында да «Барыс» жеңді. Нақтырақ айтқанда, қазақ клубының тәжірибесі басым түсті. «Барыстың» бұл жетістігі – бірнеше жыл бойы төккен терлері мен еңбектерінің жемісі. Қазақ клубы осымен алтыншы рет плей-оффқа шығып отыр. Алғашқы үшеуінде 0:4 есебімен Гагарин кубогы додасынан тым ерте шығып қалды. Одан кейінгі екі жылда 3:1 есебімен ұтып тұрып, 3:4 есебімен жеңілістің кермек дәмін татып, өзектері өртенді. Әрине, соңғы екеуіндегі төрешілерге деген өкпеміз – қара қазандай. "Егер төрешілер қара қылды қақ жарып, әділетті болғанда, «Барыс» үш рет қатарынан ұтылып, жеңісті уысынан шығармас еді" деп қылышымызды тасқа ұрғанбыз. Ал «Барыс» хоккейшілері сонда да таулары шағылмай, үміттерін үзген жоқ. Тек тырысып, тыраштанып, алға жылжи берді. Мұның бәрі «Барысты» шыңдай түсті. Намысын жанып, қайрай түсті. «Барыс» ойыншылары бәріне шыдап, төсіле түсті. Биыл да төрешілер қит етсе, «Барыс» ойыншыларын айдыннан қуып, жүйкелеріне тиіп жүр. Бірақ «Барыс» хоккейшілері бұған үйреніп алған. Елемейді де. Мұндайларға мүлдем көңіл аудармай, тек жеңіс үшін жанталасып жүр. Төрешілердің «әділетті» қылықтарын мен шешімдеріне еттері өліп кеткен... Міне, екі жыл болды «Барыс» ҚХЛ біріншілігінде гол соғуға бейім команда екенін көрсетіп, жойқын шабуылымен аты шықты. Биыл тіпті ҚХЛ-да «Барыстан» көп гол соққан команда жоқ. Қазақ клубының 54 матчта қарсыластарының қақпасына 182 шайба тоғытқанын жазғанбыз. Әйтсе де, Ресей сарапшылары «Барыстың» осал тұсын дөп тауып, соны сан құбылтты да. «Барыстың» қорғанысының топсасы берік еместігін бәрі де жырлады. Бірақ «Барыс» әр ойында қарсыластарынан артық гол соғып, асып түсіп отырды. Жеңілісінен жеңісі артық болды. Футболдағы бразилиялықтарға тән қағиданы біздің «Барысқа» да арнап айтуға болады: Сіздер қанша гол соға алсаңыздар, сонша соғасыздар, ал біз қанша гол соққымыз келсе, сонша соғамыз! Бірақ «Барыс» Гагарин кубогының 1/8 финалында қорғана алатындығын да көрсетті. Екатеринбургте өткен екі ойында да «Барыс» 1:2 есебімен ұтылды. Айдын иелерінің қаншама шабуылдарына тосқауыл бола білді?! Құйындай орап соққан тегеурінді шабуылдар мен қарша бораған шайбаларды тойтарды. Бұл да «Барыс» ойыншыларының өздеріне деген сенімділіктерін арттыра түсуі керек деп ойлаймыз. Ал "Автомобилист" «Барысқа» қарсы айрықша дайындалған. «Барыстың» ойыны мен ерекшеліктерін мейлінше саралап, зерттеген. Олар ҚХЛ біріншілігінің соңғы ойындарында 6-орынға көтерілмеуді ойлап, тізгіндерін тартты. Сондағы ішкі есептерінің сыры плей-оффтың бірінші сатысында «Барысқа түсу еді. Мойындауымыз керек, "Автомобилист" «Барыстың» бірінші бестігін ойнатқан жоқ. Қазақ клубын әрдайым алға сүйреп жүретін солтүстікамерикалық екпінді үштігімізді тұсаулап та, шідерлеп те ұстады. Боченски – Бойд – Доус үшеуі осы төрт ойында бір-ақ гол соқты. Бұл үшеуі – өте жылпың, қолды-аяққа тұрмайтын шапшаң ойыншылар. Олар шабуылға шыққанда шайбаны алға қарай атып жібереді де, өздері соңынан тұра ұмтылады. Содан қарсыластарының қорғаушылары шайба соңына түскенде, өздері олардың алдарын орап кетеді. Шайбаны олардан бұрын іліп әкетіп, бір-біріне қақпақылдап, қақпаны нысанаға алады. "Автомобилист" Боченски – Бойд – Доус үштігінің осы тактикаларын біліп алған. Олар шайбаны алға ытқытқанда, осы үш ойыншыны бағып, жолдарын бөгейді. Шайбаны емес, осы үшеуін аңдиды. «Барыс» болса, Екатеринбург клубымен өткен ойындарда солтүстікамерикалық үштігіміз ғана емес, өз ойыншыларымыз да гол соға алатындығын көрсетті. "Автомобилист" бар назарын Боченски – Бойд – Доус үштігіне аударғанда, басқа ойыншыларымыз соны пайдаланып, ойын тағдырын шешіп кетті. Әрине, "Автомобилистпен" өткен шектен тыс тартысты төрт ойында барлық ойыншыларымыз қайсарлық танытты. Бәрі жұдырықтай жұмылып, тізе қоса ойнады. Десек те, шабуылшы Николай Антропов пен қақпашы Виталий Еремеевті бөле-жара атап өтпеу мүмкін емес. Алда – ширек финал. Қарсыласы әлі белгісіз. Әйтеуір «Металлург» (Магнитогорск) клубы болмайтыны ғана айдан анық. Қазанның «Ак-Барсы» Новосибирскінің «Сибирь» клубын жеңіп, ширек финалға шықса, онда Татарстан хоккейшілерімен додаға түседі. Ал егер «Сибирь» «Ак-Барсты» сан соқтырып кетсе, онда «Салават Юлаев» (Уфа) – «Торпедо» (Нижний Новгород) жұбында жеңіске жеткен командамен кездеседі. Ширек финалдағы қарсыласы қай клуб болса да, ондағы дода көрігі мен бәсекелестік алғашқы белестегіден де тартысты болатыны, түсінікті. Бірақ біз өз клубымызға сенеміз. Биыл «Барысты» түлетіп, ойын өрнегін ширата түскен финн маманы Ари-Пекка Селин оның да «қалауын тауып, қар жағады» деп үміттенеміз.
"Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының ең үздік клубтары сарапқа салып жатқан Гагарин кубогы додасында тұңғыш рет ширек финалға шығып, қазақ хоккейінің тарихына тың жетістік енгізді, деп жазады Tengrinews.kz.
"Шығыс" конференциясындағы қалған үш жұпта жеңімпаз әлі анықталған жоқ. Тіпті «Шығыстың» көшбасшысы «Металлург» (Магнитогорск) клубының өзі плей-оффқа ең соңынан іліккен, осы конференцияда 8-орынға ие болған «Адмирал» (Владивосток) хоккейшілерін төрт рет қатар жеңе алмай, сергелдеңге түсуде. Ал қалған екі жұпты бәсекелестік шектен тыс қызып тұр. Екі жұпта да жалпы есеп – 2:2.
Десек те, біздің «Барысқа» "Автомобилист" (Екатеринбург) клубын төрт рет қатар тізе бүктіру оңайға түскен жоқ. Төрт ойында да қазақ клубы бір шайба айырмасымен ғана ұтты. Ал алғашқы екі ойында тіпті ойын тағдыры негізгі уақытта емес, овертаймдарда шешілді.
Енді бір көңіл аударарлық жәйт, төрт ойында да қақпаға соққы бағыттаудан Екатеринбург клубы «Барыстан» асып түсті. Қауіпті сәттерді есепке алсақ та, "Автомобилист" қатерді көп төндірді. Бірақ төрт ойында да «Барыс» жеңді. Нақтырақ айтқанда, қазақ клубының тәжірибесі басым түсті.
«Барыстың» бұл жетістігі – бірнеше жыл бойы төккен терлері мен еңбектерінің жемісі. Қазақ клубы осымен алтыншы рет плей-оффқа шығып отыр. Алғашқы үшеуінде 0:4 есебімен Гагарин кубогы додасынан тым ерте шығып қалды. Одан кейінгі екі жылда 3:1 есебімен ұтып тұрып, 3:4 есебімен жеңілістің кермек дәмін татып, өзектері өртенді.
Әрине, соңғы екеуіндегі төрешілерге деген өкпеміз – қара қазандай. "Егер төрешілер қара қылды қақ жарып, әділетті болғанда, «Барыс» үш рет қатарынан ұтылып, жеңісті уысынан шығармас еді" деп қылышымызды тасқа ұрғанбыз. Ал «Барыс» хоккейшілері сонда да таулары шағылмай, үміттерін үзген жоқ. Тек тырысып, тыраштанып, алға жылжи берді.
Мұның бәрі «Барысты» шыңдай түсті. Намысын жанып, қайрай түсті. «Барыс» ойыншылары бәріне шыдап, төсіле түсті. Биыл да төрешілер қит етсе, «Барыс» ойыншыларын айдыннан қуып, жүйкелеріне тиіп жүр. Бірақ «Барыс» хоккейшілері бұған үйреніп алған. Елемейді де. Мұндайларға мүлдем көңіл аудармай, тек жеңіс үшін жанталасып жүр. Төрешілердің «әділетті» қылықтарын мен шешімдеріне еттері өліп кеткен...
Міне, екі жыл болды «Барыс» ҚХЛ біріншілігінде гол соғуға бейім команда екенін көрсетіп, жойқын шабуылымен аты шықты. Биыл тіпті ҚХЛ-да «Барыстан» көп гол соққан команда жоқ. Қазақ клубының 54 матчта қарсыластарының қақпасына 182 шайба тоғытқанын жазғанбыз.
Әйтсе де, Ресей сарапшылары «Барыстың» осал тұсын дөп тауып, соны сан құбылтты да. «Барыстың» қорғанысының топсасы берік еместігін бәрі де жырлады. Бірақ «Барыс» әр ойында қарсыластарынан артық гол соғып, асып түсіп отырды. Жеңілісінен жеңісі артық болды. Футболдағы бразилиялықтарға тән қағиданы біздің «Барысқа» да арнап айтуға болады: Сіздер қанша гол соға алсаңыздар, сонша соғасыздар, ал біз қанша гол соққымыз келсе, сонша соғамыз!
Бірақ «Барыс» Гагарин кубогының 1/8 финалында қорғана алатындығын да көрсетті. Екатеринбургте өткен екі ойында да «Барыс» 1:2 есебімен ұтылды. Айдын иелерінің қаншама шабуылдарына тосқауыл бола білді?! Құйындай орап соққан тегеурінді шабуылдар мен қарша бораған шайбаларды тойтарды. Бұл да «Барыс» ойыншыларының өздеріне деген сенімділіктерін арттыра түсуі керек деп ойлаймыз.
Ал "Автомобилист" «Барысқа» қарсы айрықша дайындалған. «Барыстың» ойыны мен ерекшеліктерін мейлінше саралап, зерттеген. Олар ҚХЛ біріншілігінің соңғы ойындарында 6-орынға көтерілмеуді ойлап, тізгіндерін тартты. Сондағы ішкі есептерінің сыры плей-оффтың бірінші сатысында «Барысқа түсу еді.
Мойындауымыз керек, "Автомобилист" «Барыстың» бірінші бестігін ойнатқан жоқ. Қазақ клубын әрдайым алға сүйреп жүретін солтүстікамерикалық екпінді үштігімізді тұсаулап та, шідерлеп те ұстады. Боченски – Бойд – Доус үшеуі осы төрт ойында бір-ақ гол соқты.
Бұл үшеуі – өте жылпың, қолды-аяққа тұрмайтын шапшаң ойыншылар. Олар шабуылға шыққанда шайбаны алға қарай атып жібереді де, өздері соңынан тұра ұмтылады. Содан қарсыластарының қорғаушылары шайба соңына түскенде, өздері олардың алдарын орап кетеді. Шайбаны олардан бұрын іліп әкетіп, бір-біріне қақпақылдап, қақпаны нысанаға алады.
"Автомобилист" Боченски – Бойд – Доус үштігінің осы тактикаларын біліп алған. Олар шайбаны алға ытқытқанда, осы үш ойыншыны бағып, жолдарын бөгейді. Шайбаны емес, осы үшеуін аңдиды.
«Барыс» болса, Екатеринбург клубымен өткен ойындарда солтүстікамерикалық үштігіміз ғана емес, өз ойыншыларымыз да гол соға алатындығын көрсетті. "Автомобилист" бар назарын Боченски – Бойд – Доус үштігіне аударғанда, басқа ойыншыларымыз соны пайдаланып, ойын тағдырын шешіп кетті.
Әрине, "Автомобилистпен" өткен шектен тыс тартысты төрт ойында барлық ойыншыларымыз қайсарлық танытты. Бәрі жұдырықтай жұмылып, тізе қоса ойнады. Десек те, шабуылшы Николай Антропов пен қақпашы Виталий Еремеевті бөле-жара атап өтпеу мүмкін емес.
Алда – ширек финал. Қарсыласы әлі белгісіз. Әйтеуір «Металлург» (Магнитогорск) клубы болмайтыны ғана айдан анық. Қазанның «Ак-Барсы» Новосибирскінің «Сибирь» клубын жеңіп, ширек финалға шықса, онда Татарстан хоккейшілерімен додаға түседі. Ал егер «Сибирь» «Ак-Барсты» сан соқтырып кетсе, онда «Салават Юлаев» (Уфа) – «Торпедо» (Нижний Новгород) жұбында жеңіске жеткен командамен кездеседі.
Ширек финалдағы қарсыласы қай клуб болса да, ондағы дода көрігі мен бәсекелестік алғашқы белестегіден де тартысты болатыны, түсінікті. Бірақ біз өз клубымызға сенеміз. Биыл «Барысты» түлетіп, ойын өрнегін ширата түскен финн маманы Ари-Пекка Селин оның да «қалауын тауып, қар жағады» деп үміттенеміз.