Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монумент жобасына байқау жарияланды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©altyn-orda.kz ©altyn-orda.kz

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монументтің таңдаулы жобасына республикалық ашық конкурс жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, бұл мерейтой биыл аталып өтеді. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монументтің таңдаулы жобасына республикалық ашық конкурс жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, бұл мерейтой биыл аталып өтеді. 

Байқаудың шарты бойынша, "ұсынылған жобалар ансамбльдік үйлесімді шешіммен қорытындыланған жоғары идеялық және сәулеттік-көркемдік деңгейде орындалуы" тиіс. "Монументтің жобасын іріктеу талаптары: жоғары көркемдік деңгей, эстетикалық мәнерлілік, идеялық мазмұндылық, көркемдік тұтастық пен ерекше бітімде болуы. Мүсін алыстан көз тартып, жергілікті кең көріністің (панорама) өзекті композициясына айналуы керек", - делінген хабарламада. 

Жоба авторы монументтің көркемдік шешімі мен негізгі идеясы мазмұндалған қысқаша түсініктемені ұсынуы тиіс. Материалдар 10 ақпанға дейін қабылданады. Толығырақ ведомствоның сайтынан білуге болады. 

Бұған дейін "Қазақстан халқының рухани даму қоры" АҚ сайтында Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеудің логотипін жасауға байқау жарияланған болатын. Ұйымдастырушыларға 13 жұмыс келіп түсті. Бірақ әлі күнге дейін жеңімпаз жоба жария етілген жоқ.

Айта кетейік, Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығын тойлауға 3 миллиард теңге бөлінеді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517  course down  587.02  course down  6.32  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro