© Tengrinews
Артем Филиппов вингсьютпен секіруден Қазақстан рекордын жаңартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Артем Филиппов вингсьютпен секіруден Қазақстан рекордын жаңартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол 12 қазанда АҚШ-тың Мемфис штатында арнайы костюм - вингсьютпен және парашютпен 9 мың метр биіктіктен секірді.
Спортшы 18 шақырымды 4 минут 30 секундта ұшып өтті. Айта кетейік, секіру кезінде "борттағы" температура Цельсий шкаласы бойынша минус 45 градустан төмен болды. Ол оттегі маскасын киіп алды. Спортшы жоспарланған жерге сәтті қонды.