27 қазан 2016 | 11:45

Ақтөбеде 5 маусымда болған терактіге қатысты жаңа деректер пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде 5 маусымда болған терактіге қатысты атышулы істің сот отырысы өтіп жатыр. Сот жабық тәртіпте өтіп жатқандықтан, "Диапазон" басылымындағылар өздерінің дереккөздеріне сілтеме жасай отырып оқиғаның мән-жайын айтып берді.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде 5 маусымда болған терактіге қатысты атышулы істің сот отырысы өтіп жатыр. Сот жабық тәртіпте өтіп жатқандықтан, "Диапазон" басылымындағылар өздерінің дереккөздеріне сілтеме жасай отырып оқиғаның мән-жайын айтып берді.

Іс материалдарына сәйкес, 2016 жылдың 3-4 маусымында Дмитрий Танатаров, Арман Айтуған мен Сұлтан Қабиев жасырын түрде Орталық базарда ұсталған ұялы телефондарды сататын таныстарымен кездескен. Содан ол таныстарын сәбидің дүниеге келуін атап өту үшін үйлеріне қонаққа шақырады. "Диапазон" басылымына берген сұхбатында теолог Балғабек Мырзаев бір дінді ұстанатын адамдардың мұндай ұсыныстан бас тартпайтынын айтты. 

Осылайша 4 маусымда пәтерде жиын ұйымдастырушылар Есет батыр көшесіндегі 103-үйді тәулікке жалға алады.

Айыптаушы тараптың айтуынша, 5 маусымда шамамен сағат 12.00-де жалдамалы пәтерге 43 дәстүрлі емес дінді ұстанатын адам келген.

"Ең біріншіден, қонақтардан ұялы телефондары мен көліктерінің кілтін беру талап етілген, - деді Балғабек Мырзаев. Бір бөлмелі пәтерге 45 адам, әрине сыймайды. Сондықтан келгендердің біразы ас үйге жайғасқан".

Қонақтардың барлығы жиналғанда кездесуді ұйымдастырған Дмитрий Танатаров, Арман Айтуған мен Сұлтан Қабиев оларды мұнда шақырғандарының себебі басқа екенін айтады. Содан келген қонақтардың әрқайсысына су мен құрма беріп шыққан. Кейін оларға аудиожазба тыңдатады. Сөйтіп Дмитрий Танатаров оларға діни өсиет айтады. Ол қонақтарға полицейлердің "дінге сенетін қыздарымызға зорлық көрсетеді" деп, оларды полицейлерді қырып салуға шақырады. Дмитрий келушілерге шахид атануларын сұрайды, яғни өздеріне құрбандық жасау қажеттігін айтады.

"Cол уақытта бөлмеде болған адамдар оны мұқият тыңдап, тіпті жылап жіберген. Ал ас үйдегілер залда не айтып жатқандарын естімей қалған екен. Бірақ кейіннен олар да барлығының шабуыл жасауды жоспарлап отырғанын түсінеді. Айыпталушылардың бірінің айтуынша, олар әскери бөлімдегі қаруды алып кетіп, қарулы күштегілерге шабуыл жасап, түрмеден "бауырларын" босатқысы келген", - деді теолог.

"Олардың бірі сол пәтерден осыны естіген сәтте-ақ жүгіріп шыққанын айтты. Ол дәмханалардың біріне кіріп кеткен. Бірақ кейіннен жұрт дүрлігіп, мекеме де есігін іштен жауып алып, ол сонда қалып қалған. Ал басқа біреу сол уақытта полицияға барғанын, бірақ ІІД ғимаратының алдында біраз тұрып, қорыққанынан қайта кері кеткенін айтты. Қорыққан болып шықты. Қазіргі уақытта айып тағылып отырған адамдар сол кезде бұл жоспар жайлы хабарламағандарын қылмыс екенін білмегенін айтып отыр", - деді теолог Мырзаев.

Сондай-ақ, сол күні Есет батыр көшесіндегі жалдамалы пәтерде қалған адамдар "Паллада" қару-жарақ дүкеніне қарай барған. Жол-жөнекей Дмитрий Танатаров өзін әмір деп жариялаған, ал радикал топтың қалған мүшелері оны қолдаған.

Айта кетейік, 18 қазанда Ақтөбеде 5 маусымда болған терактіге қатысты атышулы істің сот отырысы басталған болатын.

Еске салайық, Ақтөбедегі теракт кезінде жеті адам қаза болған. Олардың үшеуі әскерилер, төртеуі - бейбіт тұрғындар. Жарақат алғандар саны 30 шақты. Террористер қаладағы әкімшілік ғимараттар мен түрмені басып алмақ болған.

Дәстүрлі емес дін ағымының 25 өкілі "Пантера" және "Паллада" қару дүкендеріне, 6655 әскери бөліміне шабуыл жасаған. Ол кезде Қазақстанда алғаш рет террористік қауіптің қызыл деңгейі жарияланған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети