Алматы облысындағы ауылда сел жүрген - Видео

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Дүйсенбі, 3 маусымда Алматы облысы Панфилов ауданы Қытаймен шекарадағы "Қорғас" кеден бекетіне жақын орналасқан Пенжім ауылының тұрғындары елді мекенде сел жүргенін хабарлады. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Дүйсенбі, 3 маусымда Алматы облысы Панфилов ауданы Қытаймен шекарадағы "Қорғас" кеден бекетіне жақын орналасқан Пенжім ауылының тұрғындары елді мекенде сел жүргенін хабарлады. 

Оқиға куәгерлері Tengrinews.kz редакциясына селдің видеосын жіберді. Кадрларда ауылды лай су шайып жатқаны көрінеді. 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіндегілер ауа температурасының жоғарылауы мен таулы жерлерде жауын жауғанның салдарынан жаңбыр суы төмен аққанын хабарлады. 


Пенжім ауылы Қытай шекарасына жақын орналасқан. © Google Maps

"Су деңгейінің артуынан бірнеше көше мен аула аумағын су басып қалды. Сондай-ақ, республикалық маңызы бар Жаркент-Қорғас жолымен сел өтті. Апат салдарын жоюға 190 адам мен 40 техника жұмыс істеп жатыр. 

Оқиға болған жерде жедел штаб құрылды. Тұрғындарды көшірмедік, өтініш білдіргендер жоқ. Қазіргі таңда 270-тен аса аула аумағын су басты. Пенжім ауылының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйелері (электрмен, сумен жабдықтау) штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Арық жүйесінің мұндай су көлеміне күші жетпеді. 

Тұрғын үй мен шаруашылық құрылыстар құлады деген мәлімет жоқ. Тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Су ағыны тоқтатылды. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Жағдай бақылауда", - делінген хабарламада.


© ҚР ІІМ ТЖ комитеті 

ТЖД 31 мамырда ескерту хаттарын таратқанын еске салды. Онда 2, 3 маусымда Алматы облысында қатты жауынның салдарынан су деңгейі өсіп, сел жүруі мүмкін екенін хабарлаған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro