Алматыда жүзге жуық жезөкше АИВ (ВИЧ) жұқтырған болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мұндай деректерді Алматының Түрксіб аудандық ішкі істер басқармасы келтірді, бұл аумақта жезөкшелердің ордасына айналған Сейфуллин даңғылы бар.

"Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жеңіл жүрістегі қыздар жолдардан алшақ аймақтарға қарай көшкен, алайда алысқа емес: олар жол бойындағы дәмханаларды, қонақүйлерді, барлар мен сағаттап жалға берілетін пәтерлерді тұрақты жұмыс орындарына айналдырған", - деді Түрксіб аудандық ІІБ басшысы Данияр Меңдібаев.
Сонымен қатар, полицейлер мен ЖИТС-пен (СПИД) күрес профилактикалық орталығының дәрігерлері бірігіп ортақ шараларды қолға алды. Тәртіп сақшылары жезөкшелердің арасында АИВ жұқтырғандардың бірен-саран екеніне күмәнмен қарайды. Осылайша, бүгінгі таңда жыныстық қызмет көрсетіп жүрген қыздардың арасында 98-нің АИВ жұқтырғаны анықталды.
"Бұл деректерді жариялап отырған себебіміз жеңіл жүрістегі қыздардан азаматтардың ауру жұқтырып алуына жол бермеу. Бәлкім, осылайша жыныстық қызмет көрсететін қыздардың қызметіне жүгінетін адамдар ойланып, денсаулығын сақтап қалу үшін ондай қылыққа бармас. Осыған байланысты, тағы бір айта кететін жайт, өзінің АИВ жұқтырғанын біле тұра, қасақана басқа тұлғаларға жұқтыру қылмыс болып есептеледі және ол адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады", - деді Меңдібаев.