Алматыдағы жарылыс: сотталушы гранатаны қайдан алғанын айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Марқұм Роман Поздняков. Фотосурет оның жеке мұрағатынан алынды. Марқұм Роман Поздняков. Фотосурет оның жеке мұрағатынан алынды.

Алматыда өз пәтерінде гранатаға жарылған Роман Поздняковтың өліміне қатысты іс бойынша сот процесі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сотталушы орнында марқұмның танысы Евгений Тюкачев отыр, ол жарылғыш затты зираттан тауып алып, Романға берген.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда өз пәтерінде гранатаға жарылған Роман Поздняковтың өліміне қатысты іс бойынша сот процесі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сотталушы орнында марқұмның танысы Евгений Тюкачев отыр, ол жарылғыш затты зираттан тауып алып, Романға берген.

Жарылыс 19 наурыз күні "Орбита-4" ықшамауданындағы №6 үйде болған еді. Оқиға орнынан жас жігіттің денесі табылды, ол - 27 жастағы Роман Поздняков. Жарылыс кезінде оның анасы мен көршілер зардап шеккен жоқ. Поздняков мүгедек, бірнеше жыл бұрын оның арқасына пышақ сұғылған.

Тергеудің мәліметінше, сотталушы Тюкачев жарылғыш затты заңсыз сақтаған және оны жарылыстан бірнеше күн бұрын Поздняковқа берген. Жігіт өзінің бұл кінәсін мойындап отыр. Ол марқұммен биылғы ақпан айында танысқанын, досымен бірге мүгедекке азық-түлік апарып тұрғанын айтты. Оқиғадан бірер күн бұрын Тюкачев ата-әжесінің моласына барған. Ол жолдан газетке оралған гранатаны тауып алады. Әскерде болғанына қарамастан, ол жарылғыш заттың не жаттығу гранатасы, не ұрыс гранатасы екенін ажырата алмаған.

Тюкачевтің айтуынша, Поздняков одан жарылғыш затты суретке түсіп, суретін Интернетке орналастыру үшін сұрап алған. Сот барысында марқұмның достары әлеуметтік желілерден Поздняковтың гранатамен бірге түскен суретін көргенін айтты.

Cотталушының айтуынша, ол жарылыс болғанын өзін полицейлер ұстаған кезде барып естіген. Судья болса, Тюкачевтің тергеу кезінде жарылғыш затты тауып алмағанын, есірткіге айырбастап алғанын айтқанын еске салды. Бірақ тыңдау барысында сотталушы бұл сөзден бас тартып, оны қорыққанынан айта салғанын жеткізді. 

Тюкачев "Атыс қаруы, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар мен жарғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бабы бойынша айыпталып отыр. Оның адвокаттары бұлтартпау шарасын тұтқындаудан кепілмен босатуға ауыстыруға өтініш білдірді. Олар Алматыда болған жарылыс қылмыс емес, қайғылы оқиға деп есептейді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro