Колледждегі граната жарылысынан қаза тапқан қыздың аты-жөні анықталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Светлана Яковлева. ©vc.com Светлана Яковлева. ©vc.com

Алматыдағы колледжде граната жарылған кезде 16 жастағы Светлана Яковлева қайтыс болды. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы марқұмның ағасы Алексей хабарлады. Еске сала кетейік, 17 қараша күні Алматыдағы сән және дизайн колледжіндегі алғашқы әскери дайындық сабағында граната жарылған болатын.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы колледжде граната жарылған кезде 16 жастағы Светлана Яковлева қайтыс болды. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы марқұмның ағасы Алексей хабарлады. Еске сала кетейік, 17 қараша күні Алматыдағы сән және дизайн колледжіндегі алғашқы әскери дайындық сабағында граната жарылған болатын.

Марқұмның ағасының айтуына қарағанда, Светлана мейірімді, талапты қыз болатын, колледжді "қызыл дипломмен" тәмамдауы мүмкін еді. "Ол сабақ оқығанды жақсы көретін. Өмірде қарындасым ашық-жарқын, қайырымды адам болды. Келешекке құрған жоспары көп болды", - дейді қыздың ағасы. Бұл отбасыға граната жарылысының жай-жапсары туралы ештеңе хабарланбаған. Марқұмның ағасы алғашқы әскери дайындық мұғалімінің бұрын еш жерде сабақ бермегенін айтты. Айта кетейік, Алматы әкімі Ахметжан Есімов қайтыс болған студент қыздың отбасына және зардап шеккен басқа студенттерге материалдық көмек көрсетуді тапсырды.

Еске сала кетейік, 17 қараша күні 08.40-та Алматы сән және дизайн колледжінің екінші қабатында алғашқы әскери дайындық сабағында граната жарылған еді. Төтенше оқиға салдарынан бір студент қыз қайтыс болды. Басы мен кеудесіне жарықшақ тиген, контузия алған 12 студент ауруханаға жатқызылды. Олардың бесеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Төтенше оқиға дерегі бойынша "Абайсызда кісі өліміне әкеліп соқтыру" және "Қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе ұстау" баптарымен қылмыстық іс қозғалды. Гранатаның жарылу себебін прокуратура, әскери прокуратура мен ішкі істер департаменті мамандары анықтап жатыр. 

Ал қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, алғашқы әскери дайындық сабағын жүргізген мұғалім ауруханаға түскен жоқ. Колледж студенттерінің айтуынша, жарылыс кезінде оқытушы сыныпта болмаған. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, полиция Алматы сән және дизайн колледжінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімін аудандық ішкі істер бөліміне жауап алуға алып кетті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro