20 қаңтар 2022 10:02

Алматы ПД басшысы: Содырлар бізге қаруды тастап, берілуді ұсынды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: REUTERS

Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов содырлар ПД ғимаратына басып кіруге әрекеттенбес бұрын тәртіп сақшыларына қаруды тастап, берілуді талап еткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов содырлар ПД ғимаратына басып кіруге әрекеттенбес бұрын тәртіп сақшыларына қаруды тастап, берілуді талап еткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілеме жасап.

Сайт мәліметі бойынша, Қанат Таймерденов бұл туралы Интернет басылымға берген сұхбатында айтқан. Оның айтуынша, 5 қаңтарда кешке алаңда болған кейбір содырлар жеті қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, әскери қару-жарақ алғаны жайында, тек Алматыда 1 387 бірлік аңшылық, травматикалық қару ұрланғаны туралы жедел ақпарат түсе бастаған.

"Олардың өз қарулары болғанын да жоққа шығармаймын. Шамамен осы уақытта, жедел ақпарат көздерінен қаруланған және дайындығы бар бірнеше топ департаменттің әкімшілік ғимараты мен қаланың әр жеріндегі полиция басқармаларына шабуыл жасауға ниеті бар екені белгілі болды. Олардың мақсаты қару-жарақ арсеналын басып алу. Бұл туралы бірден ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа хабарланды. Елордада полиция ғимараттарын қорғаудың арнайы жоспарын дереу қолданысқа енгізу туралы шешім қабылданды және кейінірек белгілі болғандай, бұл шара шынымен де дер кезінде жасалған", - деді Қанат Таймерденов.

Реклама
Реклама

Спикердің айтуынша, ғимараттарда қару-жарақтың ірі арсеналы болғандықтан, ең алдымен төтеп беру маңызды болған.

"Мен барлық полиция бөлімшесі басшыларымен хабарласып, ықтимал шабуылдарға дайын болуы үшін оларға және жеке құрамы орындарына орнығуына бұйрық бердім. Расымен де, кешкі сағат жетілер шамасында қарулы адамдар ғимаратқа жинала бастады. Алғашында қорқытулар, берілуді талап етулер болды. Бірақ берілуден бас тартқаннан кейін, шабуыл әрекеттері басталды. Түнде бір ғана департамент ғимаратына 27 шабуыл жасалғанын айтып өттік. Таңға жуық бізге көмек керек болды. Түнгі үш-төрт шамасында бізде оқ-дәрілер таусыла бастады. Бұл туралы министрге хабарлағанымызда, ол Ұлттық ұланға бұйрық беріп, броньдалған арнайы көлікпен бізге қарай кіріп, оқ-дәрілерді жеткізіп үлгерді. Ол кезде мұның қаншалықты тез аяқталатынын түсінбедік", - деді Таймерденов.

Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.

Тұрғымбаев Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке ұласқан оқиғалар хронологиясын баяндады

Кейінірек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізілді.

Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді

5 қаңтарда үкімет отставкаға кетті, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, сұйытылған газ, бензин және дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу енгізілді. Алайда толқу күшейе түсті. Алматы қаласы қатты зардап шекті. Бүлікшілер әкімдік ғимаратын өртеп жіберді, Президент резиденциясын басып алды, дүкендерді, сауда орталықтарын, банк кеңселері мен банкоматтарды қиратып, тонады.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін Үкімет, соның ішінде, Энергетика министрлігі, "ҚазМұнайГаз" бен "Қазақгаз" кәсіпорындары кінәлі екенін айтты.

6 қаңтарда Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. ҰҚК-нің жаңа басшысы болып Ермек Сағымбаев тағайындалды. Дәл осы күні ҰҚК Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі бойынша "Мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал 10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден бизнеске келтірілген шығын 12 қаңтарда 100 миллиард теңгеден асты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер саны анықталып жатыр, әлі белгісіз.

11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкімет мүшелерін тағайындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram