Қостанайда белгісіз біреулер уақытша тіркеуден заңсыз ақша тауып жүр

27 Қаңтар 2017, 11:54
0
Қостанайда белгісіз біреулер уақытша тіркеуден заңсыз ақша тауып жүр - © kst.news
© kst.news

Қостанайда белгісіз біреулер уақытша тіркеуден заңсыз ақша тауып жүр, - деп хабарлайды "Костанайские новости" басылымы.

Басылым редакциясына Герцен көшесі, 29-үйде орналасқан жатақхана тұрғындарынан хат келіп түскен. Олар азаматтарды уақытша тіркеу мәселесіне қатысты сұрақтар қойыпты. "Герцен көшесі, 29-үйде орналасқан жатақханада уақытша тіркелу үшін 2500 теңге төлеу керек пе? Бізге заңды тұлғаларға тиесілі пәтерлерде тіркелуге болмайтынын айтып жатыр. Бірақ олар біздің жағдайымызды түсініп, 2500 теңгеге тіркей алатындарын айтады", - деп жазған жатақхана тұрғындары.

Содан басылым тілшілері сол үйде пәтерлерді жалға беретін кәсіпкерлермен сөйлескен. "Мұнда уақытша тіркеусіз тұруға болмайды. Ол заңбұзушылық болып саналады. 2500 теңге жайлы айтатын болсақ... Ойлап көріңізші, әр тұрғынмен ХҚКО-ға бару үшін қанша уақыт кетеді? Бұл мүмкін емес қой... Енді олар ешқайда бармай, уақытын да жоғалтпайды. Осындай қызмет көрсетіледі", - деді өзін басшының орынбасары Юлия Байкенова деп таныстырған әйел. Бірақ жалға беруші барлық тұрғынды белгілі бір уақытта шақырып, үй иесімен бірге ХҚКО-ға бару туралы ұсынысты қарастырмайтынын айтты.

Ал Қостанай облысы бойынша ХҚКО департаментінің басшысы Еркін Жұмабай заң бойынша уақытша тіркелудің бағасы 227 теңге екенін айтты. "Бұл әрекеттердің заңсыз екенін бірден айтамын. Мұндай жағдайлар болды, аула тазалаушымен сөйлестім. Ол 3000 теңгеден жинағандарын айтты. Не үшін жинадыңдар деп сұрағанда "пәтерден қуып шыға ма деп қорықтым" дейді. Герцен көшесі, 29-үйдегі тұрғындарға пәтер иелеріне барып, ХҚКО-дағы барлық ережені білу қажеттігін айтуға кеңес беремін. Пәтер иелеріне 227 теңгеден жинап беріп, уақытша тіркеуге тұрғызсын. Тағы да айтамын, бұл заңсыз әрекет. Ер адам адамдардан ақша таппақшы болды. Ал біздің тұрғындарға заң жағын білу қажет. Біз арнайы ескертпелерді таратқан болатынбыз", - деді Қостанай облысы бойынша ХҚКО департаментінің басшысы.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай