13 қаңтар 2017 15:08

Қостанайлықтар балаларға насыбай сатушы зейнеткерлерге наразы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай тұрғыны Alau.kz редакциясына балаларға насыбай сатып жүрген егде жастағы адамдарға шағымданып жатыр.


Қостанай тұрғыны Alau.kz редакциясына балаларға насыбай сатып жүрген егде жастағы адамдарға шағымданып жатыр.

"Егде жастағы адамдардың мұндай бассыздығымен қалай күресуге болады? Түсінемін, жасы келген шығар, бірақ бұл оларға өздерін осылай ұстауға рұқсат бермейді. Күнде балағат сөздерді естиіміз. Олар мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін туыстарымен қорқытып келеді. Олармен күресетін күшім қалмады!", - дейді Alau.kz оқырманы.

Қостанайлықтардың айтуынша, зейнеткерлер ашық түрде балаларға тыйым салынған заттарды сатып жүр.

"Зейнеткерлер мектеп оқушыларына "Радуга" дүкенінің маңында насыбай сатып тұрады. Ересектерге сатса бір жөн, бірақ оқушыларға не үшін сатады? Онымен қоса олар маған былай дейді: "Мен зейнеткермін, маған ештеңе де болмайды". Кімге хабарласатынымды білмей отырмын. Учаскелік полицей келіп кетті, бірақ еш нәтиже жоқ", - дейді әйел.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 453.06   490.7   5.12 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети