17 маусым 2014 | 18:35

Назарбаев Қорғаныс министрін қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Серік Ахметовті қабылдады. ©Аkorda.kz Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Серік Ахметовті қабылдады. ©Аkorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Қорғаныс министрі Серік Ахметовті қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Қорғаныс министрі Серік Ахметовті қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Президент министрліктің басым бағыты қорғаныс жүйесін дамыту, Қарулы күштерді қажетті жауынгерлік арсеналдармен қамтамасыз ету, әскердің ұрысқа дайындығын тексеру және әскери доктрина мәселелерін шешу екенін атап өтті.

Серік Ахметов Мемлекет басшысына министрліктің ағымдағы қызметі туралы баяндап, Қарулы күштердің ұрысқа дайындығын жоғары деңгейде ұстап тұру жөніндегі жүйелі жұмыстардың жалғасатынын айтты.

Қорғаныс министрі Қазақстан әскерін одан әрі кәсібилендіру, қазіргі заманғы қару-жарақпен жабдықтау, қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі шаралар туралы да хабардар етті. 

Сонымен бірге, Ахметов Президентке жуырда Мәскеуде өткен ҰҚШҰ елдері қорғаныс министрлері кеңесі отырысының қорытындысы туралы да әңгімелеп берді. Кездесу соңында Елбасы министрге бірқатар нақты тапсырма жүктеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети