Синоптиктер апта соңында ауа райы қандай болатынын айтты

27 Қазан 2017, 16:54
1
Синоптиктер апта соңында ауа райы қандай болатынын айтты - © comandir.com
© comandir.com

Синоптиктер 2017 жылғы 28-30 қазан аралығындағы демалыс күндеріне арналған ауа райы қандай болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап. 

"Қазақстанның батысында орналасқан циклон, үлкен жылдамдықпен солтүстік-шығысқа қарай жылжыйтын болады. Сенбіде ол республиканың шығыс аймақтарына дейін жетеді. Осы циклонмен республиканың көптеген облыстарында жауын-шашын - жаңбыр, қар, қатты жел, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарының кей жерлерінде жаңбыр күтіледі.

Циклонның артынан Иран аймағынан түсетін құрғақ және жылы ауа массалары Қазақстанның бүкіл территориясына жылу әкеледі. Республиканың солтүстік жартысындағы күндізгі температура 3...11 градусқа дейін көтеріледі, оңтүстікте 15...20 дейін, оңтүстіктің шетінде 23...28 дейін жылы, яғни қазанның соңы үшін климаттық нормадан жоғары", - делінген хабарламада.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай