Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 110 мың салымшысы ғана өтемақы төлеуге байланысты қосымша келісімге қол қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл барлық салымшылардың 20 пайызы ғана болып отыр.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 110 мың салымшысы ғана өтемақы төлеуге байланысты қосымша келісімге қол қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл барлық салымшылардың 20 пайызы ғана болып отыр.
Қаржы институтының мәліметінше, егер осы қарқын сақталатын болса, 200 мыңға жуық банк салымшысы белгіленген мерзімге дейін қосымша келісімге қол қойып үлгермеуі мүмкін. Қосымша келісімге қол қою 2016 жылдың 8 ақпанында басталды. Осы жұмысқа 114 күн бөлінгенін ескере отырып, күніне орта есеппен 4096 қосымша келісімге қол қойылуы тиіс еді. Алайда, қазіргі таңда бір күнде қол қойылатын қосымша келісім саны орта есеппен екі жарым мыңнан аспай отыр. "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен қосымша келісімге қол қою 2016 жылдың 1 маусымына дейін жүретінін ескерсек, қазіргі қарқын межеленген жоспардың тек жартысын құрайды", - деп хабарлады ТҮҚЖБ баспасөз қызметінің өкілдері.
Өңірлер бойынша алып қарағанда, Қарағанды облысында өтемақы төленуі тиіс 31 433 салымнан тек 5970 салым бойынша келісімге қол қойылған, Ақтөбе облысында 32 490 салымнан 7843, Атырау облысында 17 479 салымнан 3070, Алматы қаласында 56 295 салымнан 13 188, ал Астана қаласында 62 049 салымның тек 18 160 салымы бойынша өтініштер қабылданды. Сомасы 1 миллион теңгеге жетпейтін 352 861 салым мен сомасы 1 миллион теңгеден асатын 26 515 салымның иегерлері бүгінгі күнге дейін Банкпен қосымша келісімге қол қоймаған. Нәтижесінде өтемақы төленуі тиіс соманың 21 миллиард теңгеден астамы әлі игерілмеді.