Мектеп формасы: оқушыларға не киюге болады және не киюге болмайды?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Оқу-ағарту министрлігі мектеп формасына қатысты сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Оқу-ағарту министрлігі мектеп формасына қатысты сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, биыл міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар өзгертілген. Атап айтқанда, қазір мектеп оқушылары поло жейде және футболка, водолазка, сондай-ақ түймелері немесе ілгегі бар тоқылған жемпір/кардиган кие алады. Сондай-ақ, галстук енді міндетті элемент емес.

Министрлік орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы білім берудің зайырлы сипатына сәйкес келетінін еске салды. Мектеп формасы күнделікті, салтанатты және спорттық болып бөлінеді.

Ұл балаларға арналған мектеп формасына пиджак, жилет, шалбар, күнделікті және салтанатты жейде, түймесі немесе ілгегі бар жейде/кардиган, поло жейде немесе футболка (қысқы кезең: тоқылған жилет, водолазка) кіреді.

Қыздарға арналған мектеп формасына пиджак, жилет, белдемше, шалбар, классикалық жейде, түймелері не ілгегі бар тоқылған күртеше/кардиган, поло жейде немесе футболка (қысқы кезең: тоқылған жилет, сарафан, водолазка) кіреді.

"Үлгісі, мектеп формасының түсі классикалық стильде, үш түстен аспайтын бірыңғай түс схемасында сақталады. Мектеп формасының түсі жағымды және ашық түстерден таңдалады", - деп атап өтті ведомство.

Басқарма жалпы білім беретін мектеп зайырлы мекеме болып табылатынын, ол зайырлы ережелер мен жалпы қабылданған іскерлік этикет ережелерін, оның ішінде білім беру мекемесінің қабырғасында киім-кешек пен бас киім киюді сақтауы тиіс екенін еске салды.

"Мектеп формасына қойылатын талаптардың 13-тармағына сәйкес, әртүрлі конфессиялардың діни ағымының киім элементтерін қосуға жол берілмейді", - деді Оқу-ағарту министрлігі Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында.

Министрлік мектеп басшылығы мектеп формасына қойылатын талаптарда рұқсат етілген кейбір киімдерді киюге тыйым салса, ата-аналардың қайда шағымдана алатынын да түсіндірді.

"Мектеп формасына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарты министрлігінің Білім сапасын қамтамасыз ету комитетіне немесе оның еліміздің әр өңірінде орналасқан аумақтық бөлімшелеріне хабарласу қажет", - деп хабарлады ведомство.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro