"Австрияда қамауға алынған Рахат Әлиевтің Қазақстанға экстрадициялану ықтималдығы өте төмен. Мұндай мәлімдемені "Бірлік" саяси партиясы төрағасының орынбасары, Қазақстандағы адам құқықтары бойынша бұрынғы уәкіл Болат Байқадамов жасады", - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Мегаполис" ақпарат құралына сілтеме жасап.
"Австрияда қамауға алынған Рахат Әлиевтің Қазақстанға экстрадициялану ықтималдығы өте төмен. Мұндай мәлімдемені "Бірлік" саяси партиясы төрағасының орынбасары, Қазақстандағы адам құқықтары бойынша бұрынғы уәкіл Болат Байқадамов жасады", - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Мегаполис" ақпарат құралына сілтеме жасап.
Басылымға берген сұхбатында, "өкінішке қарай Еуропада құқықтық қатынастардан өзге, қалыптасқан саяси дәстүр бар. Осы дәстүрге орай, олар демократиясы дамымаған елдерге қылмыскерлерді бере қоймайды. Сондықтан Франция, Ұлыбритания, Италия, Австрия және өге де елдер бұрынғы Кеңес одағы елдеріне қылмыскерді экстрадициялауды қолдамайды. Жеке басым, экстрадициялау жағдайына куә болған емеспін" деп түсіндірген сарашы.
Сонымен қоса экс-омбудсмен еуропалық елдердің Қазақстан туралы ойларының асыра сілтеу екенін айтады. "Қазақстан 20 жылдан бері егеменді ел. Осы уақыт ішінде біздің елде жақсы құқықтық база, сот жүйесі қалыптасты. Біздің соттар бұрынғы КСРО принциптерінен әлдеқашан арылған. Сондықтан Қазақстанда қылмыскерлерге әділ және адамгершілікпен қарайтынына толық сенімдімін, тіпті Рахат Әлиевке де" дейді ол.
Естеріңізге сала кетсек, Рахат Әлиев 5 маусым күні Венада қамауға алынған болаты. Оның адвокаты Манфред Айнедтердің сөзіне қарағанда, Әлиев австриялық құқық органдарына өз еркімен бірілген және бірлесе қызмет етуге дайын екенін мәлімдеген. Экс-елші 20 маусымға дейін уақытша қамауда болады.
ҚР Бас прокуратурасы Әлиевті қамауға алуға 2007 жылы "Нұр банк" топ-менеджерлері Жолдас Теміралиев пен Айбар Хасеновті ұрлау және өлтіруге қатысты қылмыстық іс материалдары себеп болғанын айтады.
Бұған дейін Қазақстан соты экс-елшіні Теміралиев пен Хасеновтің өлімі бойынша кінәлі деп тапқан еді. Соған орай Қазақстанда Әлиевке қатысты сырттай үкім шығарылып, ол 40 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын.
Оған қатысты іс әділ жүргізілмеуі мүмкін дегенді алға тартып, Австрия билігі оны Қазақстанға беруден екі рет бас тартқан болатын. "Бас прокуратура Әлиевті Қазақстанға экстрадициялауды тағы да талап ете ме?" деген сауалға ведомствоның баспасөз қызметі қазірше жауап берген жоқ.
Шетелдік БАҚ құралдары, қалай болғанда да Рахат Әлиевтің уақытша қамау изоляторында 20 маусымға дейін отыратынын хабарлады. Осы мерзім ішінде Австрия билігі оған ресми кінә тағуы тиіс.