23 мамыр 2024 10:45

Мәйітке макияж жасайтын маман бұл саланы неге таңдағанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Мәйітті бальзамдаумен айналысатын және адам өлімінен кейін денеге макияж жасайтын маман бұл саланы қалай таңдағанын айтты, - деп хабарлайды Tengri Life.


Мәйітті бальзамдаумен айналысатын және адам өлімінен кейін денеге макияж жасайтын маман бұл саланы қалай таңдағанын айтты, - деп хабарлайды Tengri Life.

Танатопрактик әрі бальзаматор Таисья Садовская nail стилисі болып жұмыс істегенін және сұлулық салонында тырнаққа қатысты процедуралармен айналысқанын жеткізді. 6 жыл бұрын ол қайғылы жайтқа тап болған: оның әпкесі өз-өзіне қол жұмсаған. Мәйітті мәйітханадан әкелген кезде денеге адам қарайтындай мүмкін болмаған.

"Түнге қарай туыстарым тарап кеткен кезде косметиканы алып, әпкемнің келбетін ретке келтірдім. Ол кезде қорықпадым. Келесі күні мәйітханадан кейін оны көрмеген туыстарым әпкеммен қоштасуға келгенде оның бет-әлпеті тірі кезіндегіге ұқсайтынын айтты. Жақындарын жерлейтін адамдарға марқұмдарды қалай есте сақтайтыны маңызды. Адамның фотографиялық жады бар және біз таныс адамдардың бейнесін соңғы көргеніміздей есте сақтап қаламыз. Менің ойымша, қайтыс болған адамның денесі мен бетін әрлеу маңызды, өйткені туыстары оны солай есте сақтайды", - деді Таисья Садовская.

Осындай ерекше тәжірибеден кейін ол патологоанатоммен жұмыс істеу үшін кездескен, осылайша олар бірге жұмыс істей бастаған, жерлеу бойынша қызметтер көрсеткен. Ол бір жарым жыл жұмыс істеген соң біліктілігін арттыруға шешім қабылдап, Мәскеуге оқуға кеткен.

Маманның сөзінше, мәйітке арналған арнайы косметика болады, бұл кәдімгі бояудан өзгешеленеді, өйткені құрамы да ерекше.

Суреттер: жеке архивтен

Әдетте, өлімнен кейін макияж жасайтын маманның жұмысы шамамен бір жарым сағатты алады екен, бірақ ондаған сағат кетуі мүмкін күрделі жағдайлар да болады. Бұл түрлі апаттар кезінде қатты зардап шеккен денелерге немесе өлгеннен кейін бірден мәйітханаға жеткізілмеген денелерге қатысты болады.

Таисья жерлеу бойынша қызмет көрсететін агенттіктермен жұмыс істемейтінін, бірақ өз қызметін әлеуметтік желілер арқылы ұсынатынын айтты. Орташа алғанда айына екі-үш, ең көбі бес денемен жұмыс істейді екен. Оның айтуынша, өлімнен кейінгі макияж қызметі қымбат емес, алайда агенттіктерде баға жоғары болуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.04   490.7   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети