28 шілде 2015 | 22:12

Бауыржан Әбдішев Серік Ахметовке қысымға шыдамағандықтан жала жапқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бауыржан Әбдішев. ©Тengrinews.kz Бауыржан Әбдішев. ©Тengrinews.kz

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев экс-премьер-министр Серік Ахметовке жала жапқанын мойындады, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. 


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев экс-премьер-министр Серік Ахметовке жала жапқанын мойындады, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. 

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі мұны қысымға шыдамай жасадым деп отыр. Сондықтан бүгін ол судьядан тергеу кезінде берген жауаптарының күшін жоюды сұрады. Бауыржан Әбдішевтің айтуынша, тергеушілер оны шақырып алып, экс-премьер Серік Ахметовке қарсы бірнеше эпизод бойынша жала жабуды талап еткен. Әйтпесе, өзіңнің жағдайың мүшкіл болады депті.

Серік Ахметов те өзіне қатысты қозғалған қылмыстық істі мүлдем тоқтатуды сұрап отыр. Өйткені, тағылған айыптарда қылмыс құрамы жоқ деп есептейді. Сонымен қатар, экс-премьер мемлекетке келтірілген шығын көлемін 1 миллиард теңгеден азайтуды өтінді. Осы қыруар қаржының тең жартысын, яғни 430 миллион теңгені экс-премьердің ағасы - "Сталь-Цинк" компаниясының басшысы Берік Ахметов бюджетке қайтарып берген болатын. Сондықтан адвокаттар осы жеке мекемеге қатысты эпизодты доғаруды талап етті. 

Бұған дейін Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовтің ісі бойынша сотталушылар өздерінің бұлтартпау шарасын өзгертіп, қамаудан босатуды талап еткен болатын. Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішевтің адвокаттары оған қолданылған бұлтартпау шарасын өзгертуді сұрады, себебі олар айыпталушыны бұдан әрі қамауда ұстауға негіз жоқ деп есептейді. Прокурорлардың сөзіне қарағанда, өтінішті куәгерлердің барлығынан түсінік алынып, іс материалдары толық зерттелгеннен кейін ғана қанағаттандыру мүмкін болады.

Айта кетейік, Қазақстанның бұрынғы министрі Серік Ахметовке жемқорлық мәндегі алты қылмыс бойынша ресми түрде айып тағылған болатын, олардың қатарында аса ірі көлемде пара алды (тергеудің тұжырымынша, 2 миллион 400 мың доллар - Авт.), аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды, лауазымын асыра пайдаланды және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласты деген айыптар бар.

Серік Ахметов 2014 жылы қарашада қамауға алынды. Оған қатысты үй қамауына алу бұлтарпау шарасы қолданылды.

Сонымен қатар, Серік Ахметовтің ағасы келтірілген шығынның өтемі ретінде мемлекетке 430 миллион теңгені (2,29 миллион доллар) қайтарғаны белгілі. Алайда Ахметовтің өзі де, іс бойынша куәгер болған ағасы да мемлекетке шығын келгенін мойындамады. Ахметовтің мемлекетке келтірген шығынының жалпы сомасы, тергеу тұжырымы бойынша, 1,2 миллиард теңгеге (6,4 миллион доллар) тең.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети