Қазақстан азаматы көрпенің астына жасырынып, Ресейге өтіп кетпекші болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК шекара қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан азаматы көрпенің астына жасырынып, Ресейге өтіп кетпекші болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК шекара қызметіне сілтеме жасап.
"Ақтөбе шекара отрядына қарасты (Қазақстан-Ресей шекарасы) "Жайсаң - авто" көліктік-шекаралық бақылау бөлімшесінің шекарашылары қарашаның 23-не қараған түні, сағат 23.55-те елімізден Ресейге қарай кетіп бара жатқан "Мерседес" жүк автокөлігін тексеру барысында, көліктің жатын бөлігіндегі көрпе-жастықтың арасына жасырынған адамды тауып алды. Осындай жолмен мемлекеттік шекарадан жасырынып өтпек болған адам 1988 жылы туған отандасымыз болып шықты", - деп хабарлады шекара қызметіндегілер.
Оған Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға тыйым салынған екен. Мәселені осындай жолмен шешуге бел буған ол енді ҚР Қылмыс кодексінің 392-бабының 1-бөлігі ("Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттерінде белгіленген тәртіпті бұза отырып, заңсыз өтуге тырысу") бойынша жауапқа тартылатын болады.