06 мамыр 2019 13:40

Роман Скляр мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асырылып жатқан жобалар жайлы есеп берді

© primeminister.kz

 ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асырылып жатқан жобаларға жан-жақты тоқталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

 ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асырылып жатқан жобаларға жан-жақты тоқталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта ҚР ИИДМ жетекшілік ететін салаларда МЖӘ тетігі шеңберінде жалпы 32 жоба іске асырылу және пысықталу сатысында, оның ішінде 10 жоба - республикалық, 22 жоба - өңірлік деңгейде пысықталуда.

Реклама
Реклама

"Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын (ҮАААЖ)" салу және пайдалану" жобасы бойынша концессионер мобилизациялық жұмыстарды аяқтап, құрылыс-монтаждау жұмыстарына кірісті. Жол қозғалысы 2021 жылы ашылатын болады.

"Алматы - Қорғас" (Батыс Еуропа - Батыс Қытай) автомобиль жолы учаскесінде "Нұр жолы" автомобиль өткізу пунктін салу және пайдалану" жобасы бойынша нысан 2018 жылғы 22 маусымда пайдалануға берілді. Концессионер тарапынан келісімшарт бойынша алынған міндеттемелер толық көлемде орындалуда.

"Түркістан облысының жүрдек автомобиль жолдарын салу және пайдалану" концессиялық жобасы бойынша Шымкент және Сарыағаш қалалары айналма жолдарының құрылысы (150 шақырым) мен жалпы қашықтығы 265 шақырым жолды пайдалануға беру көзделуде. Биыл маусым айында жобаны республикалық бюджеттік комиссия отырысына шығарып, конкурс жариялау жоспарланған.

"Жол ақысын алудың ашық жүйесі" жобасын іске асыру республикалық маңызы бар 11 мың шақырым автокөлік жолдарында ақылы жол жүйесін енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда екі сатылы конкурс өткізу үшін техникалық тапсырма әзірленуде. Мамыр-қараша айлары аралығында конкурстық рәсімдер өткізілетін болады, келісімшарт жасасу желтоқсан айына жоспарланған.

Ұзындығы 153 шақырым "Шар - Өскемен темір жол желісін концессиялық негізде салу" жобасы іске асырылған. Аталған жоба бойынша концессия кезеңі 2028 жылға дейін анықталды. Одан кейін "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ желісіне берілетін болады.

"Алматы стансасын айналып өтетін 73,2 шақырымдық темір жол желісінің құрылысы" жобасы бойынша бүгінгі таңда конкурстың бірінші кезеңінің қорытындысы шығарылды. Біліктілік іріктеуінен 2 Қазақстан-Қытай бірлескен консорциумы өтті. Бүгінде жеке серіктесті анықтау үшін байқаудың екінші кезеңін өткізуге конкурстық құжаттамаларды әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Келісімшартқа қол қою биылғы қараша айына жоспарланған. Құрылыс жұмыстарын 2020-2022 жылдар аралығында жүргізу көзделген.

"Түркістан қаласындағы әуежайдың құрылысы" жобасы бойынша қазіргі уақытта жобаны іске асыру үшін әлеуетті инвесторды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдын ала 3 компания қызығушылық танытып, ұсыныстарын берді.

Бұдан өзге, "Жүк әуетасымалы саласындағы қағазсыз құжат айналымының (e-Freight) ақпараттық жүйесін енгізу және бейімдеу" жобасы іске асырылып жатыр. Биыл наурыз айында қазақстандық әуе компанияларының қатысуымен еліміздің барлық әуежайларында тесттік режимде "е-Freight" ақпараттық жүйесі іске қосылды. Қазіргі уақытта ҚР Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктерінің ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жоспарланған.

Өңірлерде тұрғын-үй коммуналдық шарушылығы секторында іске асыру және пысықтау сатысында жалпы 20 жоба бар.

Сондай-ақ, Роман Скляр жылумен, сумен жабдықтау, су тарту жүйелерінде мемлекеттік сектордың үлесі 90%-дан астамды құрайтынын айтты. Сонымен қатар, аталған секторға инвестицияларды тартуды қамтамасыз ету үшін заңнамалық, қаржылық және басқа да қажетті шаралар кешені әзірленуде.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram