12 тамыздан бастап Қырғызстан Қазақстанмен шекарасында кедендік бақылауды жою рәсімін бастайды. Бұл туралы Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметінің Ақпарат құралдарымен және қоғаммен байланыс бөлімі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыған орай күннің алғашқы жартысында "Ақжол-автожол" ("Қордай" БӨП) уақытша жұмыс істемейді.

"Қырғызстанның Еуразиялық Экономикалық Одаққа кіруіне және кедендік бақылауды жоюға байланысты 2015 жылдың 12 тамызында таңғы сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы"Ақжол-автожол" өткізу бекеті автомобильдер, адамдар мен жүктерді уақытша өткізбейді", - деп жазылған Қырғызстан шекара қызметі хабарламасында.
Азаматтар Қазақстан-Қырғызстан шекарасын жақын маңдағы "Ақтілек автожол" ("Қарасу"),"Чалдыбар автожолы" ("Айша Бибі"), "Токмок автожолы", "Кең-Булун автожолы" арқылы кесіп өте алады.
"Ақтілек" және "Кең-Булун" БӨБ Шу облысы Ыссық-Атин ауданында орналасқан. "Чалдыбар" да Шу ауданында, ол Бішкек-Кемін автожолынан 98 шақырым қашықтықта жатыр. "Токмок-автожол" Шу облысындағы Бішкек-Кемін жолынан 63 шақырымда орналасқан.
Еске сала кетейік, Қырғызстан ЕАЭО-ға 8 мамырда ресми түрде мүше болды. Дегенмен толыққанды мүше болу үшін ЕАЭО-ға мүше елдердің ратификация туралы құжаттары керек. Жақында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) қосылуы туралы келісімшарттың ратификациясына қол қойды. Оған дейін Армения, Беларусь және Ресей ратификациялаған болатын.