Астанада 24 жастағы жігіт жүргізуші әйелдерге шабуылдап, зорлап кетіп жүрген. Әзірше бұл полицейлердің нұсқасы ғана. Жүргізілген жедел іздестіру шараларының барысында полиция қызметкерлері бір тәулік ішінде 24 жастағы Астана қаласының тұрғынын анықтап, ұстаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада 24 жастағы жігіт жүргізуші әйелдерге шабуылдап, зорлап кетіп жүрген. Әзірше бұл полицейлердің нұсқасы ғана. Жүргізілген жедел іздестіру шараларының барысында полиция қызметкерлері бір тәулік ішінде 24 жастағы Астана қаласының тұрғынын анықтап, ұстаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қылмыс 19 қарашада сағат кешкі алтылар шамасында жасалған. Белгісіз ер адам "Алаш" тасжолының бойында рулінде 25 жастағы қыз отырған Lada Granta маркалы автокөлігін тоқтатқан. Оның жанында жолаушылар орындығында оның құрбысы отырған. Ер адам қыздардан оны Қоянды кентіне дейін жеткізіп салуын өтінген. Жолда келе жатып ол қыздарға қысқа жолды білетінін, сонымен жүру керектігін айтқан, оған қыздар келіскен. Ол алдау жолымен қыздарды тасжолдан бұрылып, далаға қарай жүруге мәжбүрлеген. Одан кейін күдікті жүргізуші қызға және жолаушы қызға шабуыл жасап олардың ұялы телефоны мен зергерлік бұйымдарын иемденген. Артынша автокөліктің руліне отырып, қала жаққа қарай кетіп қалған.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 191 және 200-баптары (тонау, автокөлікті заңсыз иемдену) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Күдікті Астана қаласы ІІД Уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Сонымен қатар, ұсталғанға қатысты тағы бір ауыр қылмыс жасады деген күдікпен тергеу жүргізілу үстінде. Жәбірленуші 16 қарашада сағат 17.00 шамасында белгісіз біреудің өз көлігін тоқтатып, Қоянды кентіне апаруды өтініп, содан кейін қала сыртына шыға бере баратын жолды қысқартуды айтып, таса жерге алдап әкеліп, күш көрсетумен қорқытып, зорлағанын, содан кейін жеке мүлкі (ұялы телефон) мен ақшалай қаражатын тарып алғаны жөнінде арызданған. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 120-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Мұнымен қатар, тәртіп сақшылары күдіктінің тағы да басқа қылмыстарға қатысы барын жоққа шығармайды.
Астана ІІД осыған ұқсас деректерге тап болмау үшін сақ болуды және автомобильге бөтен адамдарды отырғызбауды, қала сыртына шықпауды сұрайды.
Ұсталған азаматтан зәбір көргендер (суреттегі) мына телефондар арқылы хабарласа алады: 71-66-40, 71-61-47, 8-702-999-69-06.