Желіде Жамбыл облысында болған төтенше жағдайдан қаза тапқан әскери бөлімнің видеосы пайда болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Жамбыл облысында болған қар көшкінінен 91678 әскери бөлімінің 7 әскери қызметкері қаза тапты. Бақытжан Сағынтаев қайғылы оқиғаны тексеруге байланысты Үкімет комиссиясын құруды тапсырды. Ал Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовқа оқиға орнына ұшып бару тапсырылды. Тексеру барысын ҚР премьер-министрі өзінің жеке бақылауына алды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында болған қар көшкінінен 91678 әскери бөлімінің 7 әскери қызметкері қаза тапты. Бақытжан Сағынтаев қайғылы оқиғаны тексеруге байланысты Үкімет комиссиясын құруды тапсырды. Ал Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовқа оқиға орнына ұшып бару тапсырылды. Тексеру барысын ҚР премьер-министрі өзінің жеке бақылауына алды.

Tengrinews.kz тілшісі ашық дереккөздерден 91678 әскери бөлімі жайлы мәліметтерді жинады.

"Сарбаз" басылымының мәліметінше, 91678 әскери бөлімінің арнайы таулы-егерлік ротасы Қазақстан Республикасының жалғыз Қарулы күші болған. Осыған дейін рота командирі болған аға лейтенант Бек Қамбарбекұлы осы бөлімше жайлы толығырақ айтып берді.

"Әскерилерге өз күштерін біліп, денсаулықтарына зиян келтірмес үшін бейімделу қажет. Әрине, енді ғана келген әскерилерде біраз қиындықтар туады. Біз бастапқыда оларды тауға жібермейміз. Олар медициналық тексерістерден өтіп, нормативтерді тапсырып болған соң ғана таулы аймақтарға шығады. Сарбаздарға бейімделу үшін бір ай жетеді. Бастапқыда олар 3 шақырым жүреді, кейін 5, 10 шақырымға дейін барады. Барлығы физикалық тұрғыдағы дайындықтарға байланысты. Ол қандай спортшы болмасын, бірден тауға шыға алмайды", - деді аға лейтенант.

Сондай-ақ, ол кейбір әскерилерде кәсіби альпинистердің картасы бар екенін, сондай-ақ, 4200 метрді бағындырған көрсеткіштер көрсетілген сертификаттың бар екенін айтып өтті. "Біздің нұсқаушылар жоғары кәсібилігімен ерекшеленеді. Олар АҚШ-та арнайы оқудан өткен. Мұнда ең бастысы -- қауіпсіздік шараларын сақтау", - деді аға лейтенант. 


sarbaz.kz.

ҚР Қорғаныс министрлігінің бұрынғы баспасөз хатшысы Жанар Колбачева да 91678 әскери бөліміндегілердің қызметін еске алды.

"Жүрегім қан жылайды. Қазіргі уақытта ҚР Қорғаныс министрлігінің қызметкері болмасам да, қайғылы оқиғаға қатысты көңіл айтпай қоя алмаймын. Сабыр етіңіздер. Цехтегі әріптестеріме журналистердің сұрақтарына жауап берудің қаншалықты қиын екенін түсініп отырмын. Сіздерге олардың Наурыз мейрамы қарсаңына түсірілген роликті тағы да көрсеткім келеді. Өмір солай, олар енді жоқ, бірақ олар біздің жүрегімізде мәңгілікке қалады. Иманды болсын", - деп жазды Жанар Колбачева Facebook желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетейік, 17 ақпанда Жамбыл облысында әскери жаттығу кезінде қар көшкіні жүріп, жеті адам қаза тапқан болатын."Қазіргі уақытта 91678 әскери бөлімінің қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметінің (барлығы 60 адам) оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тағы 75 адам, яғни құтқару қызметінің жеке құрамы және жеті арнайы техника Тараз қаласынан жөнелтілген. Қар көшкіні салдарынан қаза тапқан жеті адамның мәйіті табылған", - деген еді ҚР ІІМ-нің төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов. 

Ал кейінірек Бақытжан Сағынтаевтың Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаны тергеу барысын өз бақылауына алатыны хабарланған болатын. Айта кетейік, қаза тапқандармен қоштасу рәсімі әскери бөлімде өтеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro