Әзірбайжан Еуразиялық экономикалық одаққа кіруді көздемейді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Әзірбайжан Еуразиялық экономикалық одаққа немесе Еуропалық одаққа қосылуды көздемейді, бұл туралы елдің экономика және өнеркәсіп министрі Шахин Мұстафаев РФ экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев қатысуымен өткен Әзірбайжан дипломатиялық академиясы студенттерімен кездесу кезінде айтты, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан". 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Әзірбайжан Еуразиялық экономикалық одаққа немесе Еуропалық одаққа қосылуды көздемейді, бұл туралы елдің экономика және өнеркәсіп министрі Шахин Мұстафаев РФ экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев қатысуымен өткен Әзірбайжан дипломатиялық академиясы студенттерімен кездесу кезінде айтты, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан". 

"Әзірбайжан Еуразиялық экономикалық одақ болсын, Еуропалық одақ болсын түрлі одақтарға кіру мүмкіндігін қарастырып отырған жоқ, өйткені мұндай жобалардың экономикалық мәні ғана емес, саяси астары да бар", - деді Мұстафаев.

Министр Әзірбайжанның Ресеймен арадағы сауда режимінде ешқандай кедергі жоқ екенін де айтты. Оның айтуынша, Ресей - Әзірбайжанның басты өнім жеткізушісі, оған Әзірбайжан импортының 14%-ы тиесілі.

Өз кезегінде Улюкаев Әзірбайжанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуы елдегі қызмет көрсету нарығының дамуына оң әсер ететінін және адами ресурстардың, инвестициялардың еркін жылжуына, әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында ірі инвестициялық жобаларды құруға септігін тигізетінін айтты. Улюкаев егер Әзірбайжан түрлі себеппен Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуға мүдделі болмаса, интеграцияның басқа да көмекші формаларын таңдай алатынын атап өтті.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro